Архив событий

10/06/2016

Сот мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арызды қанағаттандырды

10/06/2016

Қорғалжын аудандық соты Қорғалжын аудандық орталық ауруханасының азамат С-ға алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат С. тұрғылықты мекен-жайы бойынша теріс жағынан сипатталады, алкогольдік ішімдіктерді ішіп, бірнеше мәрте әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сонымен қатар қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдікті ішкені үшін көршілерден әрдайым шағымдар түседі.

Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітілді

10/06/2016

Есіл аудандық соты азаматша Л-ның жауапкерге бірлескен мүлікті бөлу  туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотпен, тараптардың арасында некенің бұзылғаны, анасымен тұратын екі кәмелетке толмаған қызы бар екені анықталды. Ерлі-зайыптылар некеде болғанда үй сатып алған, сонымен қатар, азаматша Л. үйді өзіне қалдырып, жауапкерге 363 250 теңге сомасында үйдін бөлшегін бөліп шығаруға сұрады.

Есіл аудандық соты дауды медиация тәртібімен реттеумен 13 азаматтық іс қарады

10/06/2016

2016 жылдын 5 айында Ақмола облысы Есіл аудандық соты 238 азаматтық іс қарады, оның ішінде 13 іс дауды медиация тәртібімен реттеу  арқылы және 3 іс бітімгершілік келісімін реттеу арқылы қарады.

Медиация сотта «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексте белгіленген ерекшеліктерге сәйкес өткізіледі.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық

10/06/2016

Жақсы аудандық соты Тәжікстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Тәжікстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасында белгіленген мерзімде ішкі істер органдарында тіркелмеген және осы әрекетімен Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Сот тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатты

10/06/2016

Егіндікөл аудандық соты азамат Ш-ға қатысты құқық бұзышылық жасағаны үшін әкімшілік іс қарады.

Сотпен, азамат Ш. өз үйінде алкогольдік масаң күйде бола тұра, өз қызына былапыт сөйлегені анықталды. Сот отырысында әкесі мен қызы  татуласу туралы жазбаша келісімге қол қойды.

Сот кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартқаны үшін жауаптылыққа тартты

10/06/2016

Ақмола облысы кәмелетке томағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Д. кәмелетке толмағанмен әлуметтік желі арқылы танысып, оған кездесу тағайындаған. Азамат Д. кәмелетке толмағаны туралы және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуына тыйым салуын  біле тұра, оны түнгі сағат 23.00-ден кейін  үйден далаға шығуна көндіріп, кәмелетке толмағанды әкiмшiлiк құқықбұзушылық жасауға тартты.

Татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

10/06/2016

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, азамат Б. үйдің ауласында, азаматша Ш-ның ар-намысы мен абыройына кір келтіретін былапыт сөздер айтқаны анықталды.

Істі қарау барысында, жәбірленушіден оған құқықбұзушымен келтірілген зиянның орнын толтырумен татуласуына байланысты, қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш түсті.

Сот әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады

10/06/2016

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен, азамат К. Егіндікөл ауылында қоғамдық орында бола тұра, темекі тұқылын тастағаны анықталған. Осылайша ол айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, қоғамдық орынды ластаған.

Сот ер адамға 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

10/06/2016

Ақмола облысы Сандықтау аудандық соты азамат В-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат В. көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйде мотоцикл құралын мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнсіз басқарып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталынды.

Сотпен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін әйел кінәлі деп танылды

10/06/2016

Еңбекшілдер аудандық соты азаматша А-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша А. бала бақшасы   меңгерушісінің міндетін  атқарып, 2015 жылы қаңтар-маусым айлары аралығында ресми құжаттарға жалған мәліметтерді енгізуге бұйрық беріп, оған заңсыз  109 299 теңге сомасында жалақы аударылды.

Сот шешімін орындамағаны үшін айыппұл тағайындалды

10/06/2016

Ақмола облысы Зеренді аудандық соты азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Сот анықтағандай, аға сот орындаушысының 2015 жылдың 30 қантардағы қаулысымен азамат А-ға қатысты атқару парағы негізінде әкімшілік айыппұлды өндіріп алу туралы атқару өндірісі қозғалды. Алайда азамат А. ұзақ мерзімнен бері қаулыны орындаудан бас тартқан