Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жақсы аудандық соты Тәжікстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Тәжікстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасында белгіленген мерзімде ішкі істер органдарында тіркелмеген және осы әрекетімен Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Сот қаулысымен Тәжікстан Республикасының азаматы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 517-бабының 2-бөлігімен көзделген (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түрінде жаза  тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі