Архив событий

08/06/2016

Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарылды

08/06/2016

Ақмола облысы Есіл аудандық соты Ресей Федерациясының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан Республикасының тұрақты тіркеудегі азаматы бола тұра, 2014 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдап, Қазақстан Республикасының заңмен белгіленген мерзімде шетелдік азаматтығын алу фактісін хабарламаған. 

Аялақтық жасағаны үшін Атбасар қаласының 22 жасар тұрғыны сотталды

08/06/2016

Ақмола облысы Атбасар аудандық соты азаматша Г-ға қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сотта Атбасар қаласының 22 жасар тұрғыны сауда үйінде өзін бөгде атпен таныстырып, үш сатушыдан жалпы соммасы 120 620 теңге көлемінде тауарды іске асыру сылтауымен киімдерді алып, қылмыс болған жерден жасырылғаны анықталды.

Сотқа дейінгі істі қарау кезінде прокурор мен сотталушының арасында кінәсін мойындау туралы процессуалдық  келісім жасалды.

Сот заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салу жазасын тағайындады

08/06/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты азаматша Ж-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін азаматша Ж. сатып алушыға түнде сағат 23.40-та алкогольдік өнімін сатқан. Осы әрекетімен, азаматша Ж. этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатын алкоголь өнiмiн сағат 21.00-ден келесі күнгі сағат 12.00-ге кезеңіне дейін бөлшек сауда арқылы заңсыз өткiзгені анықталды.

Ақмола облыстық соты азаматтық істерді қарайтын облыс судьяларына семинар өткізді

08/06/2016

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов азаматтық істерді қарайтын облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттарының судьяларына азаматтық істер бойынша сот актілерінің сапасы туралы  семинар  өткізді.

Семинар жұмысын аша отыра Е.Жанәділов, семинар жұмысы практикалық білімін және талап қою ісін жүргізудегі азаматтық істер бойынша сот шешімдерін құрастырудың дағдыларын бекітеді деп атап өтті.

Дау сот медиациясы тәртібінде реттелді

08/06/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  азаматша Ж-ның  азамат Н-ға балалармен араласу тәртібін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу жөнінде тілектерін білдірді.