Архив событий

17/04/2014

Ақмола облысының мемлекеттік органдары құқықтық насихаттауды ұйымдастыру мәселелерін талқылады

17/04/2014

  Бұл игілікті шараны өткен аптада Ақмола облысы Әділет департаментінің мемлекеттік органдардың заң қызметтерін Үйлестіру кеңесі өткізді. Аталмыш кеңестің 2014 жылдың 1-тоқсаны бойынша өткізіліп отырған кезекті отырысын Ақмола облысы Әділет департаментінің орынбасары, үйлестіру кеңесінің төрайымы Жанат Ташенова жүргізіп отырды. Кеңес отырысына Ақмола облысы Әділет департаментінің Үйлестіру кеңесінің барлық мүшелері мен міндетін атқарушылар қатысты. Ақмола облыстық сотының өкілі ретінде бұл шараға Талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы А.Құлманбетова қатысты.