Архив событий

30/04/2014

Баласының бұзақылығы үшін анасы сот алдында жауап берді

30/04/2014

  Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматша Л., ға қатысты әкімшілік істі қарады.
  Іс мән-жайлары бойынша Азаматша Л.,-ның Көкшетау қаласы мектептерінің бірінде орта білім алып жүрген 14 жасар ұлы Д., ағылшын тілі пәні сабағында мұғалімге бағынбай, айтқанын тыңдамай, қағаз жыртып, оның қоқыстарын сынып ішінде шашып тастаған. Мұғалімнің жина деген талабына пысқырып та қарамай, сабақтың шырқын бұзып, өтуіне кедергі жасаған. Сөйтіп қоршаған ортаның тыныштығын бұзу арқылы ұсақ бұзақылық жасаған.

Соттағы салтанатты шара - Бірлік күні мерекесіне арналды

30/04/2014

  Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы С.М.Өскембеков облыс судьялары мен сот жүйесінің мамандарын 1мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.
  1-мамыр — Қазақстан халқының ынтымағы және бірлігі күні. Айтулы мереке Елбасымыздың 1996 жылы қабылдаған Жарлығы бойынша он сегіз жылдан бері тойланып келеді.

Сот мәжбүрлеп емдеу жазасын қолданды

30/04/2014

   Ақмола облысының Атбасар аудандық соты Мариновка ауданаралық туберкулезге қарсы ауруханасының туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын 13 адамды мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы талап-арыздары бойынша келіп түскен азаматтық істерін қарады. Бұл тұлғалар Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде емдеуде болғанда өз еріктерімен және жауапты түрде емделуге құлықтары жоқтығын аңғартатын тәртіпсіздіктерге жиі-жиі жол берген. Сол себепті сот шешімдерімен барлық арыздар қанағаттандырылды.