Архив событий

25/04/2014

Жоғарғы Соттың судьясы Ақмола облыстық сотының судьяларымен кездесті

25/04/2014

  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Шаухаров Қалидолла Адылұлы Ақмола облыстық сотына екі күндік жұмыс сапарымен келді. Қалидолла Адылұлы әдістемелік көмек көрсету мақсатындағы жұмыс сапары барысында, қылмыстық істер бойынша апелляциялық және кассациялық сот алқалары судьяларының 2013 жыл мен ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны кезеңіндегі жұмыстарымен танысты.
  Судья әріптестеріне қылмыстық істер бойынша іс жүргізу құжаттарын құрастыру бойынша ұсыныстар берді.

Басты мақсат - сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау

25/04/2014

Сот қауымдастығы мен сот жүйесі қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларының тиімділігін арттыру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тапсырмасына сәйкес Ақмола облыстық соты ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімі басшысының апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау жүргізу тәжірибесін ендіруде. 

Ақмола облысында «Сот медиациясы» пилоттық жобасы іске қосылды

25/04/2014

  Дауларды шешудің балаламалы әдісі - медиацины  қолдану аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2014 жылдың сәуір айындағы өкімімен судьяның қатысуымен өтетін бітімгершілік рәсімді (сот медиациясы) азаматтық сот өндірісіне енгізудің пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жаңа енгізілім Азамататтық-іс жүргізу кодексінің жаңа жобасында қарастырылған.
  Сот медиациясы – бұл сот прцесіне қатысушы тараптардың дауын (жанжалын) судьяның бітімгершілік рәсім жүргізуі арқылы реттеуі.