Архив событий

09/04/2014

Бурабайда мас болып трактор көлігін айдаған азамат жазаланды

09/04/2014

Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР аумағында жол жүру Ережесін бұзып, «МТЗ 80» көлік құралын мас күйінде жүргізген құқықбұзушы П.,-ға қатысты келіп түскен әкімшілік істі қарады.
Сот отырысында П., өзінің кінәсін толық мойындап, толтырылған әкімшілік хаттамамен келісетінін айтты. Құқықбұзушы 10 жыл мерзімге берілетін трактор жүргізушісі куәлігін 1987-жылы алған,  бірақ өкінішке орай оны жоғалтып алған екен.

Сот актісін орындамаған азаматқа айыппұл салынды

09/04/2014

Ақмола облысының Қорғалжын аудандық соты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің  524-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған яғни сот шешімін орындамаған азамат А.,-ға қатысты әкімшілік істі қарады.