Архив событий

19/04/2014

Ақмола облысының соттары 2014 жылдың 1-тоқсанындағы жұмысын қорытындылады

19/04/2014

  Бүгін Ақмола облыстық сотының төрағасы облыс соттарының 2014 жылдың 1-тоқсан қорытындысы бойынша облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру сапасы мен істерді қарауда заңдылықты сақтаудың жай-күйі, облыс соттарының қызметін әрі қарай жетілдіру мәселелері туралы кеңейтілген жалпы жиналысын өткізді. Жиналысқа облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, облыстық соттың кеңсе басшысы мен оның орынбасары, құрылымдық бөлімдердің басшылары, сектор меңгерушілері, сот жүйесінің мамандары қатысты. 

Ақмола облыстық сотының судьялары республика соттарының 2014 жылдың бірінші тоқсаны бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың онлайн-жиналысына қатысты

19/04/2014

  Ақмола облыстық сотының судьялар қауымы республика соттарының 2014 жылдың бірінші тоқсаны бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың онлайн-жиналысына қатысты. Бейнебайланыс арқылы өткен жиналысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми жүргізді.
  Соттар скайп жүйесі арқылы өткен бұл басқосуда Елбасының Қазақстан Республикасының алтыншы съезінде берген тапсырмаларының орындалу барысын сөз етіп, құқыққорғау саласындағы заңнамаларды жетілдіру, сот төрелігі сапасын арттыру мәселелерін кеңінен талқылады.