Архив событий

01/04/2014

Зерендіде бала бақша тәрбиешісіне тіл тигізген азамат жазаға тартылды

01/04/2014

Ақмола облысының Зеренді аудандық сотының өндірісіне келіп түскен бұл талап-арыздың  мән-жайы бойынша Ш. есімді азамат кешкілік бала бақшаға ұлын алып кету үшін баруынан бастау алған екен. Балаларды киіндіретін орында Ш. ұлының тәрбиешісі азаматша О.,-мен сөзге келіп қалады. Оған тәрбиешінің баланың күркілдеп жөтеліп жүргеніне байланысты келесі күні бақшаға әкелмеуін талап етуі себеп болған. Ш. бұған ашуланып тәрбиешілердің балаларды далаға серуенге шығару барысында дұрыс киіндірмейтіндіктен баласына суық тиіп қалғанын айтып, өзіне дүрсе қоя береді.