Жаңалықтар

ЖЖҚ бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

16/01/2024

   Сот Ақкөл қаласының екі тұрғынын Жол жүрісі қағидаларының бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.   
   Мотоцикл жүргізушісі «Л.» ЖЖҚ-ның 5-бөлімі 24-тармағының 5-тармақшасын бұза отырып, тыйым салынған бағдаршам көрсеткішінен реттелетін қиылыстан өтіп, «Б.»-ның автомашинасымен соқтығысуға жол берген (ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі).
   Осы оқиға бойынша қосымша «Л.» полиция қызметкерлерімен тіркеусіз, шлемсіз көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған (ӘҚБтК-нің 590, 593-баптары).   

«Жергілікті соттардың іс-шаралары» айдары

15/01/2024

   Бұланды аудандық сотында прокурордың, аудандық ішкі істер басқармасы басшысының  қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.
   «Дөңгелек үстел» барысында әкімшілік істерді "ӘІБЖТ" АЖ арқылы сотқа уақтылы жолдау, әкімшілік істер бойынша хаттамаларды мемлекеттік тілде толтыру, сот актілерін орындау сұрақтары талқыланды.
   Есіл аудандық сотының төрағасы сот орындаушылар, медиатор, адвокаттардың, прокуратура, полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен  «дөңгелек үстел» өткізді.

«Сот тіршілігі» айдары

12/01/2024

     2023 жылы  ҚІЖ МАС  75 қылмыстық іс  қарады.87 адам  сотталды, оның ішінде 82 адам бас бостандығынан айырылды, 1-іне  бас бостығы шектелді,1-і шартты түрде сотталды, үшеуі рақымшылықпен босатылды, 5 адам  ақталды.Электронды түрде 32 қылмыстық іс қаралды, 11 іс алқабилердің қатысуымен қаралды. 15 жекеше қаулы шығарылды.
 

Резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша журналистерге брифинг өтті

11/01/2024

   Бурабай аудандық сотының төрағасы Әсел Әбимұратова 11 сотталушыға қатысты, қорқытып алушылық, бұзақылық жасау және кәмелетке толмағанды өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзді деген айыптаумен резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
   Сот төрағасы журналистердің сұрақтарына жауап беріп, сотталушыларға қандай айып тағылғанын, іс бойынша сот тыңдаулары қалай өткізілетінін, тыңдау кезінде кәмелетке толмаған процеске қатысушылардың құқықтары мен мүдделері қалай қорғалатынын түсіндірді.

Психотроптық заттарды заңсыз дайындағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды

11/01/2024

   Көкшетау қаласының тұрғыны «Д.» жұмысқа орналасу туралы хабарландыру бойынша психотроптық заттардың заңсыз айналымын ұйымдастыру жолымен табыс алу үшін «М.» деген лақап атпен адамның (оған қатысты материал жеке өндіріске бөлінген) ұсынысына келісті. Онымен қылмыстық сөз байласып, «Д.» нұсқауларды орындауға келісті: ақша алу үшін шот ашты, байланыс үшін телефон, жасырын нарколаболаторияға арналған жабдықтар, психотроптық заттар өндіруге арналған материалдар сатып алды, бейнекамералар орнатты.

Көппәтерлі үй салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды

10/01/2024

   Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысының құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары «К.», мердігерлік ұйымының директоры «Ш.» және сараптама мен техникалық қадағалауды жүзеге асырған маман «Р.», әрқайсысы 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы). Техникалық қадағалау маманының көмегін пайдаланып, «Ш.» қылмысты ұйымдастырушы болып танылды.

Мемлекеттік сатып алу субъектілері жіберетін негізгі қателер жөнінде Жадынама әзірленді

09/01/2024

   Ақмола облыстық соты әкімшілік органдардың жұмысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік материал – Жадынама әзірледі.
   Жадынама облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы мен сарапшылар тобының мемлекеттік сатып алу туралы әкімшілік істердің сот тәжірибесін талқылауы негізінде әзірленді. Жинақ мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері – конкурсты ұйымдастырушы, тапсырыс беруші,  әлеуетті өнім беруші, конкурстық комиссия, ішкі мемлекеттік аудит органдары, кәсіпкерлер мен заң кеңесшілерге пайдалы болады.

2024 жылға мемлекеттік баж мөлшерлемелерін төлеу үшін кесте құрастырдық. Оны жүктеп алып, сақтауға болады.

03/01/2024

 

  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 45-VIII ҚРЗ

«Сот тіршілігі» айдары

29/12/2023

Ерейментау аудандық сотының төрағасы Ғұмарбек Сисинғалиев жергілікті атқарушы орган және басқа мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді. «Дөңгелек үстелге» қатысушылар Сот кабинеті арқылы құжаттар мен басқа да материалдарды беру сұрақтарын, сондай-ақ мемлекеттің тілдің сақталуын, ақпарат беру мерзімінің бұзылуын т.б. талқылады.

Жыл сайын балаларға арналған жаңа жылдық мереке өткізу – бұл дәстүр!

28/12/2023

Жыл сайын балаларға арналған жаңа жылдық мереке өткізу – бұл дәстүр!
Сот ұжымы «Көкшетау» мәдениет үйінде балаларға арнап, жаңа жылдық ертеңгілігін өткізді.
Жаңа жылдық шытырман оқиғаларда балалар ертегі кейіпкерлерімен, сондай-ақ Аяз Ата мен Ақшақармен кездесті. Балаларға қызықты саяхат, көңілді жарыстар, ойындар, шыршаның айналасындағы билер ұйымдастырылды, көңілді көңіл-күй мен сыйлықтар табысталды.
Жаңа жылдық қойылым балаларға жақсы әсер қалдырды.

Беттер