Жаңалықтар

Сот кабинеті

29/02/2024

  Сот кабинеті- ҚР әділет органдарының қызметтері мен қызметтеріне электронды түрде қол жеткізудің бірыңғай терезесі.
  Азаматтар мен заңды тұлғалар кез-келген уақытта үйінен шықпай-ақ, «Сот кабинеті» интернет-қызметі арқылы онлайн режимінде талап арыз, өтініштер мен өтініштер жіберуге, электронды түрде өтініш беруге мүмкіндік алады, істердің барысын қадағалау ретінде.
  «Сот кабинетінде» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру қызметін пайдаланушы болып табылады.

«Іс-шаралар әлемі» айдары

28/02/2024

     Көкшетау қаласында сот сарапшысы А. Сыздыкбекова  аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялардың қатысуымен онлайн форматта бейнеконференция байланысы арқылы «Сот молекулалық – генетикалық сараптамасын тағайындау кезіндегі проблемалық мәселелер» бойынша семинар өткізді.  
     Семинар қатысушылары әкелікті тану және алиментті өндіріп алу, әке болуды анықтау және даулау мәселелерін, сондай – ақ істердің осы санаттары бойынша сот молекулалық – генетикалық сараптамасын жүргізуге қатысты мәселелерді талқылады.

Бүйрегін сатуға заңсыз мәмілеге оқталғаны үшін сотталды

28/02/2024

   Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғыны «К.» бүйрегін сату бойынша заңсыз мәміле жасауға оқталған (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 116 бабының 1-бөлігі).  
   Ер азамат әлеуметтік желіде шарттық баға бойынша өзінің ішкі органын сату туралы хабарландыру жариялаған. Полиция қызметкерлерімен ерікті түрде жәрдемдескен тұлға қылмыстық әрекетті имитациялау барысында сатып алушы болып, «К.»-мен мәміле жасауға келіскен. Заңсыз мәміле жасау кезінде «К.» ұсталған.
   Қылмыстық іс сотталушымен кінәсін мойындау туралы процестік келісіммен сотқа түсті.

Ақмола облысында тағайындалған судьялар таныстырылды

27/02/2024

  Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов сот корпусына жергілікті соттарға тағайындалған судьяларды таныстырды.
  Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 ақпанындағы Жарлығымен Ақмола облысы бойынша:
- Аршалы аудандық сотының судьясы қызметіне Аида Мұратбекова;
- қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметіне Алмагүл Жәкімова, осы облыстың Атбасар аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, тағайындалды.

Біржан Сал аудандық сотында қаралған...

26/02/2024

     Біржан сал аудандық соты ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша  құқық бұзушы «Ж.»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады. Сотпен «Ж.» өзінің әпкесіне  балағат сөздер айтқандығы анықталды. Сот  5 тәулікке  әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Ақмола облысының соттары қысқы спартакиаданы өткізді

26/02/2024

   Бурабай ауданының спорт базасында Ақмола облысының соттары судялар мен сот жүйесінің қызметкерлері арасында дәстүрлі, жыл сайынғы қысқы спартакиаданы өткізді.
   Спорт ойындарын ашу салтанатында «Спартакиада салауатты өмір салтын қалыптастыру, ынтымақтастық пен корпоративтік рухын дамыту және спортты насихаттау мақсатында өткізілді» - деп атап өтті Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов.
   Спартакиада спорттың келесі түрлері бойынша өткізілді: биатлон, жаппай шаңғы жарысы, көңілді жарыстар және дартс.

«Жергілікті соттардың іс-шаралары» айдары

23/02/2024

      Ерейментау аудандық сотының төрағасы Гумарбек Сисингалиев  полиция қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен «ҚР Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңнамалар бойынша» тақырыбын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.
 

Әкімшілік жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты іс тоқтатылды

22/02/2024

   Егіндікөл ауылының тұрғыны «Ж.»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс, тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз, уәкілетті органды хабарлаусыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігі), құқық бұзушының өтініші негізінде жабық сот отырысында қаралды.
  «Ж.» 2015-2021 жылдары азаматтарға 15 пайыздық үстем төлеммен қарызға ақша қолхат арқылы беріп, тіркеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
  Алайда, «Ж.» жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген.

Беттер