Жаңалықтар

Телефон алаяқтарынан сақ болыңыз! Алаяқтың әрекетінде сот қылмыстардың қайталануын таныды.

09/02/2024

   Қылмыскерлер азаматтарға қоңырау шалып, өздерін тергеуші немесе адвокат ретінде таныстырып, жақын туыстарының жол-көлік оқиғасы немесе басқа да құқық бұзушылық жасағанын хабарлайды. Әрі қарай, қылмыстық істі тоқтату және оларды жауапкершіліктен босату үшін белгілі бір ақша сомасын беруді ұсынады. Азаматтар белгісіз адамдардың шарттарымен келіседі және оларға ақша береді.
   Мәселен, бұрын соттылығы бар Петропавл қаласының тұрғыны «Н.» басқа адаммен сөз байласу бойынша (оған қатысты жеке қылмыстық іс қозғалған) адамдар тобында бірқатар ауыр қылмыстар жасады.

«Жергілікті соттардың іс-шаралары» айдары

08/02/2024

     ҚІЖМАС-да  судьялар мен мамандар үшін мамандандырылған күзет қызметі өкілі Е.Бакубаевтың қатысуымен «Кіру режимі. Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті.Семинарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және нығайту, өткізу режимін сақтау,тыйым салынған заттарды өткізу, сот істерін және құжаттамаларды сот ғимаратынан шығару мәселелері талқыланды.

Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы. Журналистермен брифинг.

08/02/2024

  Көкшетау қалалық сотының төрағасы Қазбек Дегенбаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңның нормаларын сотпен қолдану бойынша журналистермен брифингте сөз сөйледі.
  Брифинг Өңірлік коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) Ақмола медиа орталығының алаңында өткізілді.
  Сот төрағасы өткен жылдың наурызынан бастап ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша жұмысты бастағандарын айтып өтті.

Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында...

07/02/2024

   Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында  азамат «Х.»-ға  қатысты  іс қаралды. Құқық бұзушы үйде жанжал тудырып, жұбайына былапыт сөйлеп, тыныштығын бұзды. Сот қаулысымен  «Х.»-ға  ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты  жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 3 тәулікке   қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Ескіру мерзімдерінің өтіп кетуі – талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту үшін дербес негіз.

07/02/2024

      Жер телімдерінің бұрынғы иелері олардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған деп санап, сот тәртібінде дау айтқан:
1)    банкте жер телімдерін кепілге қою туралы 2005 жылғы шартқа;
2)    2012 жылы оларды сауда-саттықтан сатудың нәтижелеріне;
3)    жер пайдалану құқығына 2012 жылғы шартына.
     Сотпен анықталған:
-    жер үлестерінің иелері «К.» ЖШС-не өз жер телімдерін енгізіп, олардың қатысушылары болған;
-    2005 жылы «К.» ЖШС-і жиналыстары шешімдерінің негізінде жер телімдері Банкке кепілге енгізілген;

«Медиация» айдары

06/02/2024

  МАЭС-да  жеке кәсіпкер «S.»-тың  «Е» ШХҚ МКҚК-ға тауарларды мемлекеттік  сатып алу туралы  шарт бойынша берешек пен тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен реттеуге байланысты  іс жүргізу тоқтатылды.Тараптар үшінші тұлғаның қатысуынсыз, медиатр – судьяның қолдауымен,  бір – біріне өзара  түсінушілік негізінде медиациялық келісімге келді.  Осылайша, екі тараптың да мүдделері қанағаттандырылды.Сотта тараптарды татуластыру ісі - адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасын қалпына келтіру немесе сақтап қалу қажеттілігі, әсіресе олардың ара қатынастары бірыңғай тиі

Қамауға алуға санкция берілді

05/02/2024

  Сот қаулысымен «Д.»-ға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына екі ай мерзімге санкция берілді.
  Бұланды ауданы полиция бөлімі бастығының бұрыңғы орынбасары «Д.» мүлікке қарсы ауыр қылмыс - алаяқтық жасады деп күдіктелуде (Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы).
  Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

«Сот жаңалықтары» айдары

05/02/2024

   Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу)  азамат «А.»-ға қатысты іс қаралды.
   Сотта анықталғандай, азамат «А.» әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін қайталап бір жыл ішінде, қоғамдық орында мас күйінде, адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын салдыр-салақ түрде  болды.
   Сот қаулысымен азамат «А.»-ға 3 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Хабарландыру.

02/02/2024

   ҚР Сот әкімшілігі Ақмола облысы бойынша департаменті хабарлайды: Ақмола облыстық сотында техникалық себептерге байланысты, сыртқы байланыс телефон нөмірлері уақытша жұмыс істемей тұр.
  Осыған байланысты, Ақмола облыстық сотының WhatsApp нөмірін ұсынамыз: 8 705 631 8626.
  Қажетті ақпаратты көрсетілген байланыс нөміріне сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін қоңырау шалу арқылы алуға болады.

 

 

«Жергілікті соттардың іс-шаралары» айдары

31/01/2024

    Зеренді аудандық сотының төрағасы Қайрат Хасенов жергілікті мемлекеттік мекемелер өкілдерінің және Би кеңесі төрағасының қатысуымен Би кеңесі қызметінің мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

    Зеренді аудандық сотында прокуратура, әкімдік, полиция бөлімі өкілдерінің және аудан медиаторларының қатысуымен халыққа татуластыру рәсімдерін түсіндіру мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Беттер