Жаңалықтар

Масаң күйде көлік жүргізді.

20/02/2024

   Масаң күйде көлік жүргізді.
   Масаң күйде автокөлікті басқарғаны үшін Викторовка ауылдық округінің әкімі «Р.»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі).
   Сотта «Р.» кінәсін мойындады. Сонымен қатар, оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жеңіл дәрежелі алкогольдік мас болуды анықтаған медициналық куәландыру қорытындысымен расталды.
   Сот қаулысымен «Р.»-ға көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырымен 15 тәулікке қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Целиноград ауданы Қызылсуат ауылын электр қуатымен жабдықтау жөніндегі қылмыстық іс облыстық сотта қаралды.

19/02/2024

    Целиноград ауданы Қызылсуат ауылын электр қуатымен жабдықтау жөніндегі қылмыстық іс облыстық сотта қаралды.
    Бірінші сатыдағы сот үкімімен ТКШ бөлімінің басшысы «Ж.» және ЖШС-нің төрт қызметкері 7 және 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
    Сот оларды бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ысырап еткені үшін кінәлі деп таныды (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы).
    Аудандық сот, Қызылсуат ауылын электр қуатымен жабдықтау құрылысына мемлекет бөлген ақшадан, сотталғандар 1,3 млрд.теңге жымқырып алды деп есептеді. Бұл сома мемлекет кірісіне өндіріліп алынды.

Хабарландыру

19/02/2024

      2024 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесімен облыстық және оған теңестірілген соттарының судья лауазымдарына конкурс жарияланды (құқықтың жекелеген салаларындағы мамандар үшін).
Аталған конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер облыстық соттың жалпы отырысында және Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында кандидатураларын қарау туралы өтініштерін 2024  жылғы 20 ақпанға дейін жолдаулары қажет.

Алқабилердің кесімі: кінәсіз.

16/02/2024

   Алдын ала тергеу органдарымен Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрғыны «П.»-ға адамдар тобының сөз байласуымен, ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы өткізу мақсатында, аса iрi мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз иемденгені, сақтағаны үшін (ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтары) айып тағылған.
   Осы қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Олардың кесімімен «П.» кінәсіз деп танылды.
   Сот үкімімен, «П.»-нің әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты, ол ақталды.
   Укім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

«Медиация» айдары

15/02/2024

     Аршалы аудандық соты азаматтық іс бойынша бітімгер судьяның қатысуымен оқыту кезіне алимент өндіріп алу туралы медиативтік келісімді бекітті. Іс мәні бойынша қаралғанға дейін талапкер мен жауапкер дауды   медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасып, оны сотқа берді. Сот  келісімді бекітті, іс бойынша  іс жүргізу тоқтатылды.

"Соттар айнасы" айдары

13/02/2024

    Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Заңымен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 73, 73-1, 73-2, 461, 669-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаның мерзімі ұзартылды.

Ақпараттық есепке алу бойынша семинар-кеңес

13/02/2024

  ҚР Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Департаментімен бірлесіп, ақпараттық есеп, құқықтық статистика және арнайы есепке алу сұрақтары бойынша семинар-кеңес өткізді.
  Семинарда ақпараттық есепке алу құжаттарының мәліметтерін толтырудың толықтығы, дұрыстығы мен уақтылығын қамтамасыз ету мәселері талқыланып, есепке алу жұмысын оңтайландыру мақсатында ұсыныстар қабылданды.

 

 

 

Маңызды кездесу

13/02/2024

  Ақмола облыстық сотында ҚР Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

15 тәулікке қамаққа алынып, 7 жылға автокөлікті басқару құқығынан айырылды.

12/02/2024

   Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары «Б.»-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық туралы іс (көлік құралын мас күйінде басқару) қаралды.
   «Б.» орташа дәрежелі мас күйінде автокөлікті басқарғаны және оны полиция қызметкерлері тоқтатқаны сотта анықталды.
   Сот қаулысымен «Б.»-ға көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырумен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Жария сот отырысы. Алкогольді асыра пайдаланудың салдары түсіндірілді.

12/02/2024

   Сот «Л.» азаматын мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы Егіндікөл аудандық аурухананың арызын қарады.
  «Л.» ұзақ уақыт бойы алкогольдік ішімдіктерін асыра пайдаланған, тәуелділік белгілері қалыптасқан. 2010 жылдан бастап алкогольді ішуден туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары диагнозымен наркологиялық диспансерде есепте тұрады (Тәуелділік синдромы).
  «Л.» жүйелі түрде алкогольдік ішімдіктерді ішіп, қоғамдық орындарда масаң күйінде жүргені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. «Л.»-дің бұл әрекеті қоғамға және оның жақындарына қауіп төндіреді.

Беттер