Жаңалықтар

Өндірісте алған жарақат үшін моральдық зиян өндірілді

30/01/2024

  «П.» ЖШС-де құрастырушы ретінде қызмет ете отырып, жұмыс істейтін тетікпен байланыс кезінде оң қол басының 2/3 саусақтарының үзіліп кетуі (ампутация) түрінде жарақат алған.
  «П.» өндірістік жарақатпен оған келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.
  Жұмыс беруші апат жұмыскердің абайсыздығынан болғанына сілтеме жасап, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.
  Сотпен анықталған:
-    жазатайым оқиға өндірісте болған, қол қойылған акт бар;
-    жұмыс берушінің кінәсі 100% анықталды;

Жария сот отырысы. Жұбайын соққаны үшін қамаққа алынды.

29/01/2024

  Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, құқық бұзушылардың отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін жауапкершілігі күшейтілді.
  ӘҚБтК-нің 73, 73-1, 73-2, 461, 669-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаның мерзімі ұлғайтылды.
  Сандықтау аудандық соты жұбайының денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін «П.»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады (ӘҚБтК 73-1-бабының 1-1-бөлігі).

Діни алауыздықты насихаттағаны үшін сотталды

29/01/2024

  Көкшетау қаласының тұрғыны «И.» «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке аккаунтында діни алауыздықты қоздыруға бағытталған посттар мен бейнеролик жариялаған.
  Сотпен, осы іс-әрекеттер Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамына сәйкес деп танылды.
  Сотталушының кінәсі әлеуметтік желідегі жарияланымдармен, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының нәтижелерімен және істің басқа материалдарымен расталды.

Жиналыс өткізу тәртібі сақталмағандықтан, оның шешімдері заңсыз деп танылды.

29/01/2024

   Облыстық сот алқасы «Д.»-нің талап-арызы бойынша «Зеренді-Астық» ЖШС-нің 2022 жылғы 5 сәуірдегі жиналысының шешімдерін заңсыз деп тану туралы азаматтық іс қарады.
   2022 жылы ЖШС-і жиналыс өткізген, кворумның болмауына байланысты оны қайта өткізу туралы шешім қабылданды. Ол үшін 2022 жылдың наурыз айында БАҚ-та өткізу туралы хабарландыру жарияланды. 5 сәуірде жиналыс шешім қабылдаумен өткізілді: «Б.» ЖШС-нің директоры болып сайланды және қатысушыларды жер үлестерін бөле отырып, ЖШС-і құрамынан шығарылды.

«Жергілікті соттардың іс-шаралары» айдары

24/01/2024

   Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстық адвокаттар алқасы және заң консультациясы палатасы өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының АК және АПК нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
   Іс-шара диалог  түрінде өтіп, қатысушылар пікір алмасты.

«Сот жаңалықтары» айдары

23/01/2024

   Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарауы айыпталушының Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғаудың процессуалдық кепілдіктерінің бірі болып табылады.
2023 жылда ҚІЖМАС алқабилердің қатысуымен 12 адамға қатысты 11 қылмыстық іс қаралды.
   Алқабилер  алқасының  үкімімен 12 адам кінәлі деп танылып, 6 жылдан 13 жылға дейінгі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл

22/01/2024

   2023 жылғы 7 желтоқсандағы cот ұйғарымымен «Burabay Hotel Management» ЖШС-і әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, яғни ҚР халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан бұзушылық (ӘҚБтК-нің 425-бабының 2-бөлігі).                           Сотпен мемлекет кірісіне 4 830 000 теңге ЖШС-не айыппұл салынды.

ЖС басшылығы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды

19/01/2024

   Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Ақмола облыстық сотында 2023 жылғы сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша кеңес өткізді. Кеңеске облыс әкімі Марат Ахметжанов пен Соттар әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров қатысты.

Щучинск қаласының тұрғыны қаруды заңсыз сақтау және екі адамның денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін сотталды

18/01/2024

   Щучинск қаласының 25 жастағы тұрғыны «Ч.» екі патронмен қарудың шолақ мылтығын тауып алып, үйде заңсыз сақтаған, сондай-ақ автомашинада орындықтың астында тасымалдаған.
   Бұдан бөлек, төбелеске ұласқан, жас адамдардың топтық жанжалы барысында «Ч.» аталған қарудың шолақ мылтығын қолданып, бұзақылық ниетпен жанжалдасушы тұлғалардың бағытында көздеусіз ату жасаған. Нәтижесінде, бытыра атудан екі адам жарақаттар алды. Содан кейін, «Ч.» қару мен екінші патронды қайта жасыру мақсатымен қылмыс орнынан кеткен.

Сот орындаушылары ұсыныстарының, өтініштерінің өсуінің күрделі мәселелері талқыланды

17/01/2024

     Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Серікжан Ғабдулин «Сот орындаушылары ұсыныстарының, өтініштерінің өсуінің күрделі мәселелерін талқылау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.
     Аталған іс-шараға облыстық сот судьясы Алтын Шоинбекова, Көкшетау қалалық сотының судьялары, Ақмола облысының Әділет департаментінің және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері қатысты.
    «Дөңгелек үстелге» қатысушылар соттарға сот орындаушыларынан келіп түсетін материалдар санының өсуі мәселелерін талқылады.

 

 

Беттер