Жаңалықтар

Көршісіне су ағызып, құнын төлегісі келмеді. Сот залалды өндіріп алды.

13/03/2024

  Егер пәтеріңізге жоғарыдағы көршілерден су ағып, залал келтірілсе? Сотқа жүгінуге асықпай, бітімгершілікке келуге тырысыңыз.
  Көпқабатты үйдің 3-қабатында тұратын «Б.» төмен қабатта тұратын «А.»-ның пәтеріне бірнеше рет су ағызған.
  «А.» үш жыл бойы көршісімен қарым-қатынасын бұзғысы келмегендіктен, ерікті түрде өтемақыны өзі төлейді деп үміттенген. Бірақ «Б.» залалдың құнымен келіспеген, сондықтан «А.» сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Ақмола облысының соттарында онлайн әлеуметтік сауалнама жүргізілуде

12/03/2024

  Ақмола облысының соттарында онлайн әлеуметтік сауалнама жүргізілуде.
  Ақмола облыстық соты 2024 жылдың 12 наурызынан бастап сотқа қатысушы азаматтар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізуді бастады.
  Мақсаты: облыс соттарының жұмысымен азаматтардың қанағаттану деңгейін зерделеу, соттардың жұмысын ұйымдастыру сапасын жақсарту, соттарға халықтың сенім дәрежесін анықтау.
  Сауалнаманы жүргізу кезінде алынған деректердің шындылығы зерделенетін болады. Сот процесіне қатысушы бір іс бойынша тек қана бір рет сауалнамаға қатыса алады.

«Жергілікті соттардың іс-шаралары» айдары

07/03/2024

 

      Сандықтау аудандық сотының төрағасы Лариса Сексенбаева нотариустармен нотариаттық іс-әрекеттерге шағымдану мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» өткізді. 2023 жылы нотариустардың іс-әрекетіне шағымдар бойынша азаматтық істердің саны өсті.
        
       Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы Жарқын Жумағалиев «Өткізу және ішкі объектілік режимді қамтамасыз ету тәртібі» тақырыбында  семинар өткізді. Семинарда Жарқын Жумағалиев сот ғимаратында қоғамдық тәртіпті сақтау және өткізу режимі мәселелерін түсіндірді.

«Сот жаңалықтары» айдары

06/03/2024

 

     Зеренді аудандық сотында ӘҚБтК-ның 461-бабы бойынша (қорғау нұсқамасын бұзу)  «Е.»-ге  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Сотта учаскелік полиция қызметкері азаматша «Т»-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 30 тәулікке «Е.»-ге қатысты қорғау нұсқамасын шығарғаны анықталды.Бірақ «Т.». қорғау нұсқамасын елемей, азаматшамен жанжал шығарып, оған қатысты былапыт сөздер айтқан.
   Сот қаулысымен «Е.» 10 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.   

Қылмыстардың алдын алу мақсатында жария сот отырысы өткізілді. Өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны және алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

05/03/2024

   Қылмыстардың алдын алу мақсатында жария сот отырысы өткізілді.
   Өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны және алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

Қысқы сенбілік

04/03/2024

   Сандықтау аудандық сотының судьялары мен қызметкерлері сот ғимаратының аумағында қар тазалау бойынша сенбілік өткізді.
   Биылғы жылы қардың қалың түсуі – көктем мезгіліндегі су тасқыны қаупіне әкеп соғады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жиналған қар сот ғимараты аумағынан шығарылатын болады.
   Сот ұжымы сот ісін жүргізу жұмыстарын тиісті деңгейде қамтамасыз етіп, сондай-ақ абаттандыру жұмыстарын да жүргізуде.

 

 

 

Ақмола облысының соттарында сот жүйесі қызметкерлерінің ата-аналарына алғыс айту дәстүрге айналды

01/03/2024

   Ақмола облысының соттарында сот жүйесі қызметкерлерінің ата-аналарына алғыс айту дәстүрге айналды.
   Алғыс айту күні Ақмола облыстық сотының төрағасы атынан ҚР Сот әкімшілігінің Департаменті мамандардың ата-аналарына балалардың жетістіктері мен үлгілі тәрбиесі үшін ризашылық білдіріп, Алғыс хаттарды табыс етті.

 

 

 

Сотты құрметтемегені үшін жауапкершілікке тартылды

29/02/2024

   Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігі) азамат «К.»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
   «К.» сот отырысына алкогольдік масаң күйінде келіп, сотқа құрметтемеушілік танытты.
   Сот қаулысымен оған 5 тәулік мерзімге қамаққа алу жазасы тағайындалды.

 

 

Буллинг және басқа құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында

29/02/2024

   Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Байжуманова Көкшетау қаласы мектептерінің оқушыларына құқық бұзушылықтар мен буллингтің алдын алу мақсатында дәріс сабақтар өткізді.
   Судья балаларға Әкімшілік құқық бұзышылықтар туралы кодексінің нормаларын, кәмелет жасқа толмағандарды жауапкершілікке тарту сұрақтарын түсіндірді. Сонымен қатар, сот тәжірибесінен мысалдар келтірілді.

Аршалы аудандық сотында...

29/02/2024

  Аршалы аудандық сотында «C.»-ның ЖК «К.»-ға қарыз өндіру туралы азаматты іс бойынша бітімгер судьяның қатысуымен медиативтік келісім бекітілді.
  Іс мәні бойынша қаралғанға дейін талапкер мен жауапкер дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты және оны сотқа ұсынды.
  Сот келісімді бекіте отырып, іс жүргізуді тоқтатты, мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Беттер