ПІКІРІҢІЗДІ БІЛДІРІҢІЗ!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Құрметті облыс тұрғындары! Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасының жергілікті соттары судьяларының бос қызмет орындарына орналасуға арналған конкурсына қатысатын, Ақмола облысының аумағында тұратын азаматтардың тізімін ұсынамыз.
Сіз, судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптың күшейтілуі шеңберінде ұсынылып отырған бұл тізімді пайдаланып үміткерлер туралы ойыңыз бен пікіріңізді білдіруге құқылысыз.
Судья қоғам алдында бұрынғы өткен еңбек жолында таза, адамгершілік тұрғыдан жоғары болуы шарт. Осы орайда тізімдегі үміткерлерді судьялыққа таңдауда барынша өз ісіне адал, әрі әділ, адамгершілігі мол азаматтарды іріктеп алуға Сіздердің  үміткерлер жайында білдірген пікірлеріңіз, біз үшін үлкен маңызға ие. Сіздер өз пікірлеріңізбен болашақ судьяларды таңдауға үлес қосу арқылы, келешекте талай тағдырлардың әділ шешілуіне де әсер етесіздер.
Пікірлеріңізді ағымдағы жылдың 6-сәуіріне дейін Ақмола облыстық сотының (akmolasud.kz) веб-сайтындағы «Сұрақ-жауап!» айдарына, сонымен қатар, 25-83-00 сенім телефонына және кадр бөлімінің 32-74-79 телефонына хабарласу арқылы білдірулеріңізге болады.

Судья лауазымына кандидаттар:

1. Алпысбаев Алмаз Сансызбайұлы, Ақмола облыстық сотының бақылау және құжат айналымы бөлімінің бастығы;

2. Ан Алексей Николаевич, Көкшетау қаласында тұрады, Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы.

3. Ахметжанов Ермек Басбатырұлы, Бұланды ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі;

4. Ахметов Жангелді Сәлімжанұлы, Ақмола облысы Астрахан аудандық сотының кеңсе меңгерушісі;

5. Баймурзина Айнур Айтбайқызы, Ақмола облысы Зеренді аудандық сотының судьясы;

6. Балғабекова Гүлжанат Жолаушықызы, Ақмола облыстық сотының ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы;

7. Уәзірова Ләззат Амантайқызы, Ақмола облысы Әділет басқармасы ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бастығы;

8. Ғазизова Салтанат Қазбекқызы, «Rixos Borovoe» кадр бөлімінің супервайзері, заңгері.

9. Досмұрзина Гүлнар Наурызбайқызы, Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының сот мәжілісінің хатшысы;

10. Жақыпов Арай Ашмұхамбетұлы, Ақмола облысы Жақсы аудандық сотының төрағасы;

11. Жалмұхамбетова Ульяна Владимировна, Ақмола облысының Бурабай аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы;

12. Жұмабаева Алтынай Сембайқызы, Солтүстік-Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданының №2 аудандық сотының төрағасы;

13. Жұмабекова Ақмарал Шақарқызы, Ақмола облысының Есіл аудандық сотының судьясы;

14. Жұмақаев Төлебек Қайрөшұлы, Ақмола облысының Еңбекшілдер аудандық сотының судьясы;

15. Қайшыбеков Ғалым Айдашұлы, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы;

16. Камали Гүлнар Даулетиярқызы, Ақмола облыстық сотының судьясы;

17. Карина Бақыт Серікқызы, Ақмола облыстық сотының бас маманы қызметін атқарады;

18. Көшікбаев Мәди Жаубасарұлы, Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының төрағасы;

19. Қасымова Майя Төлегенқызы, Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының судьясы; 

20. Қасымова Үмітжан Сайынқызы, Ақмола облыстық сотының бас маманы қызметін атқарады;

21. Манабаева Мараш Амангелдіқызы, Ақмола облыстық сотының судьясы;

22. Махметов Ерлан Балуанұлы, Ақмола облысының адвокаттар алқасының адвокаты;

23. Мукашов Сабыр Зейноллаұлы, Көкшетау қаласында тұрады, Көкшетау қалалық сотының судьясы;

24. Наукенова Дәмелі Айтмұхамбетқызы, Ақмола облысының Степногорск қалалық сотының бас маманы;

25. Нұрғалиева Гүлзира Ерғалиқызы, Ақмола облысының Степногор қалалық сотының судьясы;

26. Орымбай Күлзия Жанатқызы, Ақмола облысының адвокаттар алқасының мүшесі;

27. Саликов Тұрсынхан Тоқтарбайұлы, Ақмола облысы Степногорск қаласының прокурор көмекшісі; 

28. Сеитова Сағдат Сапарқызы, Ақмола облысының Зеренді аудандық сотының кеңсе меңгерушісі;

29. Смағұлова Замира Шарапқызы, Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы; 

30. Тастыбаева Гүлмира Қайыржанқызы, Ақмола облыстық сотының кеңсесінде сот мәжілісінің хатшысы;

31. Теміров Жанат Құлатайұлы, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы;

32. Хасенов Мейрам Базарбайұлы, Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі;

33. Шаймерденов Төлеген Кұрмашұлы,  Ақмола облысының адвокаттар алқасының адвокаты;

34. Шуалқанова Назгүл Қасымқызы, Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маман – сот отырысының хатшысы.

 Пікірлеріңізді күтеміз!

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі