Жаңалықтар

Ақмола облысының судьялары мен журналистері өзара ынтымақтастық мәселелерін сөз етті

24/01/2014

Ақмола облыстық соты «Соттар мен БАҚ өкілдері арақатынасының мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Аты айтып тұрғандай бұл игілікті шараның басты мақсаты сот билігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының арақатынасындағы мәселелерін талқылау, әділсот төрелігі мен сөз бостандығы мүддесін басты назарда ұстап екеуара байланысты нығайту, түсініктерді қалыптастыру, сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету және журналистердің осы бағыттағы ұсыныстарын қабылдау еді.

Екі мәрте заң бұзған шетел азаматы елден қуылды

21/01/2014

Ақмола облысының Бұланды аудандық соты Бұланды аудандық ішкі істер бөлімінің А., есімді шетел азаматын Қазақстан Республикасынан тысқары аумаққа шығарып жіберу туралы арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Ақмола облысының соттары өткен жылғы жұмыстарын қорытындылады

17/01/2014

Облыс соттарының 2013 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша өткізген кеңейтілген жалпы мәжілісіне ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Қайыпжан Нұржан Үсіпжанұлы қатысты.

Жалпы, жыл өткен сайын өздерінің заңды мүдделері мен бұзылған құқықтарын қайта қалпына келтіруді талап етіп сотқа жүгінетін азаматтар санының артқандығын облыс соттарында қаралған істер санының көбейгендігі айғақтайды.

Отбасы-тұрмыстық қатынас барысында құқыққа қайшы әрекет жасаған азамат қамауға алынды

16/01/2014

Ақмола облысының Егіндікөл аудандық соты отбасы-тұрмыстық қатынас барысында құқыққа қайшы әрекет жасаған азамат Ш.,-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Азамат Ш., өз үйінде араққа сылқия тойып алып, отбасылық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық танытып шу шығарған, әйеліне былапыт сөз сөйлеп мазасын алған. Азамат Ш., өзінің осы әрекетімен ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 79-5-бабының  2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған.

Сот құқықбұзушыны жүргізуші куәлігінен айыру жазасын тағайындады

16/01/2014

Ақмола облысының Егіндікөл аудандық соты ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 467-бабы 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты жасаған яғни мас күйінде көлік жүргізген азамат М.,-ға қатысты әкімшілік істі қарады.   

Сотқа белгілі болғандай, азамат М., мас бола тұра Егіндікөл ауданының орталығында автокөлік айдаған. Өзінің осы әрекетімен азамат М., Қазақстан Республикасындағы жол жүру Ережесінің нормасын бұзған.

Сот қаулысымен құқықбұзушы М., 2 жыл мерзімге көлік жүргізу құқынан айрылды.

Алпауыт пен зейнеткердің арасындағы дау шешілді

15/01/2014

Үй тұрғызып онда қамсыз өмір сүруді армандамайтын адам жоқ шығар. Бірақ кейбір адамдар үшін жеке тұрған жер үй коммуналдық қызметтермен болатын дауға айналуы мүмкін. Жылу маусымы 7-7,5 айға созылатын Қазақстанның солтүстік аймағында өмір сүретін ағайындар үшін үйдің жылы болуы өмірлері мен денсаулықтарының тікелей кепілі.

Жер телімдері ортақ пайдалануға нұқсан келмейтін жағдайда ғана беріледі

13/01/2014

Ақмола облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі апелляциялық сот алқасы Көкшетау қаласының тұрғыны азаматша С.,-ның Көкшетау қаласының әкімі, «Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-не Әкімдік қаулысының күшін жойып оны заңсыз деп тану туралы талабы бойынша Көкшетау қалалық соты қарап шығарған шешіміне түскен шағымын өзгертусіз қалдырды.

Өзінің әйелін өлтіруге бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталды

09/01/2014

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өзінің әйелін өлтіруге бағытталған әрекет жасаған Көкшетау қаласының тұрғыны азамат К.,-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот анықтағандай, 2013 жылдың қыркүйек айында азамат К., Көкшетау қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының жанында   өзінің заңды әйелімен керісіп қалып, ашумен оның мойын тұсын алмаспен орып жіберген. Сөйтіп оқиға болған орыннан тайып отырған.

Беттер