Архив событий

05/03/2016

Сот қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жаза тағайындады

05/03/2016

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер адам темір жол вокзалының перронында темекінің тұқылын тастаған. Осы әрекетімен ол қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірді.

Сот отырысында азамат М. әкімшілік бұзушылық жасағаны үшін өз кінәсін толық мойындап және істеген ісіне өкінді.

Ақмола облыстық сотында қылмыстық істерді қарайтын облыс судьяларына арналған семинар өтті

05/03/2016

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов қылмыстық істерді қарайтын  облыс судьяларына арналған қылмыстық істер бойынша сот практикасын талқылау жөнінде және сот актілерінің сапасы туралы  семинар  өткізді.

Сот төрағасы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық және Көкшетау қалалық соттарының әрбір судьямен қылмыстық істерді қарау сапасын талдады.