Архив событий

30/03/2016

Пара алғаны үшін қылмыстық жауаптылық

30/03/2016

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 366-бабына сәйкес  мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықп

Сот туыстық қатынасы фактісін анықтады

30/03/2016

Шортанды аудандық соты туыстық қатынасы фактісін анықтау туралы азаматша  С-ның арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша С. жиені болып келетін марқұм Т-ның мүлкіне құқық мұрасын ресімдеу бойынша нотариусқа жүгінді, бірақ әртүрлі тегінің жазылуы болғанынан, оған нотариуспен бас тартылды. Осыған байланысты, азаматша С. туыстық қатынасы фактісін анықтау үшін сотқа жүгінді.

Сот шешімімен азаматша С-нің арызы қанағаттандырылды. Заңды маңызы бар туыстық қатынасы фактісі анықталды.

Сот автокөлік құралы бойынша салық берешегін мемлекет пайдасына өндіріп алды

30/03/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты «Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» азамат И-дың салық берешегін өндіріп алу туралы арызын қарады.

Сотта, азамат И. 2011 жылдан бастап 2014 жылға дейін автокөлік құралы бойынша салық берешегін төлемегені анықталды, оның берешек соммасы 46427 тенге  құрады.

Сот бұйрығымен азамат И-дан мемлекет пайдасына автокөлік құралы бойынша салық берешегі өндіріп алынды.

 

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі

 

 

Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау

30/03/2016

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабына сәйкес кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыс, қасақана қылмыстық теріс қылық немесе қасақана

Сот қаулысымен тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды

30/03/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты азамат Ш-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

 Сотпен, азамат Ш. алкогольдік масаң күйде, азаматша Л-дан 30 000 теңге көлемінде ақшалай қаражатты жасырын түрде ұрлағаны анықталды.

Сотта, тараптар арасында татуласу және келтiрiлген зиянды қалпына келтіру туралы келісім жасалғандықтан, жәбірленушіден қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш хат түсті.

Сот есірткілік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін жаза тағайындады

30/03/2016

Ақмола облысы  Шортанды аудандық соты азамат В-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат В. автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, есірткілік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталынды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат В. каннабиноидтерді қолданылғанын, есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.

Медиация – соттан тыс дауларды реттеу тәсілі

30/03/2016

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты 2016 жылдың басынан медиацияны қолданумен 11 қылмыстық іс қарады. Медиаторлардың қатысуымен шығарылған сот актілері,  ауырлығы орташа және онша ауыр емес қылмыстар бойынша қаралды.

Аршалы ауданы бойынша кәсіби медиатор болып О.Тлеубаева танылады.

Азаматтық сот өндірісіндегі іске қатысатын адамдардың құқықтары мен міндеттері

30/03/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 46-бабына сәйкес іске қатысатын адамдардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінді көшірмелер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдемелерді табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысатын басқа да тұлғаларға, куәларға, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтінішхаттар, оның ішінде талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану туралы, дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша, қосымша дәлелдемелерді талап ету туралы, татуластыру рәсімдерін қолдану туралы өтінішхаттар

Дөңгелек үстел барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Сот приставтары туралы» Заңдары талқыланды

30/03/2016

Ақмола облысының Қорғалжын аудандық соты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Сот приставтары туралы» Қазақстан Республикасы заңдарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

 Дөңгелек үстелге сот төрайымы Х.Кембаева, судья А.Зиада, кеңсе мамандары және Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты.

Жақсы аудандық соты аудан тұрғындары үшін Ашық есік күнін өткізді

30/03/2016

Жақсы аудандық соты аудан тұрғындары үшін Ашық есік күнін өткізді.

Ашық есік күні аудандық сотқа Жақсы ауданының 3 тұрғыны келген. Олар бiрлескен ортақ меншікті бөлу туралы сұрақтарымен жүгінді. Кездесуде сот төрағасы сотқа талап арызымен жүгіну тәртібін және талап арызын құрастыру үшін заң консультацияға жүгіну қажеттілігін түсіндірді.  

Сонымен қатар, аудан тұрғындары жала жапқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сұрақтарымен жүгінді. Сот төрағасы сотқа жүгіну тәртібін түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.