Архив событий

29/03/2016

Сот алқабилердің қатысумен қылмыстық іс қарады

29/03/2016

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қылмыс және қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыптау бойынша алқабилердің қатысумен азамат Р-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Р. өзінің тәтесімен ұрысып қалып, аңшылық пышақпен тәтесінің бетінен, басынан және мойнынан көптеген соққы салып, жасаған әрекетімен оның денсаулығына ауыр зиян келтірді. Содан соң, жиен ақшаны, пластикалық карточкаларын және жеке куәлігін ұрлап кетті.

Жақсы аудандық соты семинар сабақ өткізді

29/03/2016

Жақсы аудандық соты сот отырысының хатшылары мен кеңсе мамандарына «Төрелік» бағдарламасы арқылы шығыс құжаттарды қалыптастыру мен жолдау» тақырыбына семинар өткізді.

Семинарда бас маман – сот отырысының хатшысы Қ.Қазизова шығыс құжаттарды қалыптастыру және «Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесін қолдану сұрақтары  бойынша сөз сөйледі.

Өзінің баяндамасында Қ.Казизова Ереженің негізгі қағидалары жөнінде және шығыс құжаттарды қалыптастыру тәртібі туралы айтты.

Тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс өндіріспен төқтатылды

29/03/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Респуликасы кодексінің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») құқық бұзушылық жасаған азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта азамат М. алкогольдік масаң күйде, жеке тұрғын үйінде жұбайына былапыт сөйлеп, сыйламаушылық көрсеткені анықталды, яғни жұбайынын тыныштығын бұзған.

Сотта татуласуына байланысты тараптардан әкімшілік істі тоқтату туралы өтініш хаттар түсті.