Архив событий

24/03/2016

Сот шешімімен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арыз қанағаттандырылмады

24/03/2016

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Ақмола облысы ішкі істер Департаменті» МБ-ң жауапкер «А» ЖШС-не мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қарады.  

Сот анықтағандай, талап арызда көрсетілген мән-жайлар бойынша «А» ЖШС-і мемлекеттік сатып алу шартындағы өз міндетін орындамаған.

Сот 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

24/03/2016

Ақмола облысының Бұланды аудандық соты Монғолия азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, Монғолия азаматының Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде болып, болу мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасы аумағынан кетпегені анықталды.   

Сот сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін 100 ЕАК мөлшерінде айыппұл тағайындады

24/03/2016

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық соты Еңбекшілдер ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат О. Еңбекшілдер ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы бола тұра, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiгі шегiнде шаралар қабылдамағаны анықталды, яғни тиісті дәрежеде тексеріс өткізбей, құқықтық органдарға хабарламаған.

Сот кәмелетке толмаған ұлын алкогольдік масаң күйге дейiн жеткiзген үшін айыппұл жазасын тағайындады

24/03/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Атбасар қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған ұлымен алкогольдік ішімдік ішкен, нәтижесінде ұлын алкогольдік масаң күйге дейiн жеткiзген.

Сот мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызды қанағаттандырмады

24/03/2016

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму  Министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоақпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталығы»республикалық ММ-і «М» жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қарады.  

Талап арызда көрсетілген мән-жайлар бойынша жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алу шартындағы өз міндетін орындамаған.

Сот шешімімен Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының шегінен шығарылды

24/03/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты Өзбекстан Республикасының азаматын Қазақстан Республикасының шегінен шығару туралы Жарқайың аудандық ішкі істер бөлімінің өтініші бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған, яғни ол қылмыстық құқық бұзушылық жасап, Ақмола облысы Шортанды аудандық сотының үкімімен сотталған және жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеген.

Сот ата-ананың балаларды тәрбиелеу жөнінде мiндеттердi орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

24/03/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты азаматша В-ға қатысы әкімшілік іс қарады.

Сотта, азаматша В. кәмелетке толмағанның анасы бола тұра, баласын тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны, яғни кәмелетке толмаған баласына өз үйінде тұрмыстық жағдай жасамағаны, оның оқуына назар аудармағаны, балаға қатысты арнайы бақылау жасамай, баласының дәлелді себепсіз мектепке бармағаны анықталды.

Сот заңды түсіндіру түріндегі тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолданды

24/03/2016

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты кәмелетке толмағанға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, кәлеметке толмаған азаматша қаласының орталығында темекінің тұқылын тастап, қоғамдық орынды ластағаны анықталды.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшлік қамаққа алу жазасы тағайындалды

24/03/2016

Ақмола облысы Есіл аудандық соты азамат Э-ге қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат Э-ге қатысты сот орындаушысының қаулысымен атқару парақ негізінде әкімшілік айыппұл өндіріп алу туралы атқару өндірісі қозғалғаны анықталды. Азаматтық іс бойынша Э. ұзақ мерзім сот шешімін орындаудан және борыш сомасын төлеуден бас тартқан.