Архив событий

16/03/2016

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды

16/03/2016

Ақмола облысы Жарқайын аудандық соты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану мен азаптау жасағаны үшін айыпталған қылмыстық-атқару жүйесінің төрт қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қарады.

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты семинар өткізді

16/03/2016

Ақкөл аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Г.Мұздыбаева сот отырысының хатшылары мен кеңсе мамандарына арналған «Сот отырысының барысын тіркеуді қамтамасыз ететін  дыбыс-бейне жазба құралдарын қолдану» тақырыбына семинар сабақ өткізді.

Семинарда дыбыс-бейне жазбаны сақтау және жою, дыбыс-бейне жазбаға қол жеткізу және басқа мәселелер талқыланды.

Г.Мұздыбаева өз сөзінде Ережелердің негізгі талаптары туралы, сот отырысында бейне-жазба құралдарын қолдану тәртібін түсіндірді.

Сот ер адамды ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп таныды

16/03/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты азамат Т-ға қатысты ұрлық жасағаны үшін айыптау бойынша қылмыстық іс қарады.

Сотта, азамат Т. жайылымда жүрген 9 басты жылқыны айдап кеткені анықталды. Осылайша ол азамат Е-ге материалдық залал келтірді.

Сандықтау аудандық соты дөңгелек үстел өткізді

16/03/2016

Ақмола облысы Сандықтау аудандық соты Сандықтау аудандық орталық ауруханасымен бірлесе отырып «Медициналық куәландырудан өткізудің сұрақтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық

16/03/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты азамат А-ға қатысты әкімшілк іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат А. Амангелды ауылында 21-жасына толмаған ер азаматқа алкогольдік өнімді сатқан.

Сот отырысында азамат А. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін өз кінәсін толық мойындап,  істеген ісіне өкінді.

Есіл аудандық соты медициналық куәландыру актіні құрастыру сұрақтары бойынша дөнгелек үстел өткізді

16/03/2016

Ақмола облысының Есіл аудандық соты «Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау тәртібі туралы» тақырыбында дөнгелек үстел өткізді.  

Дөнгелек үстелдің жұмысына  сот қызметкерлері, Есіл ауданының ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, медицина саласының қызметкерлері және прокуратура органдарының өкілдері қатысты.

Сот атқарушылық құжатты орындамағаны үшін айыппұл тағайындады

16/03/2016

Степногор қалалық соты азаматша Л-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта азаматша Л-ға қатысты сот орындаушысының қаулысымен атқару парақ негізінде қарызды өндіріп  алу туралы атқару өндірісі қозғалғаны анықталды. Бірақ, азаматтық іс бойынша азаматша Л. ұзақ мерзімде сот шешімін орындамаған және борыш сомасын төлемеген.   

Сот әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін көлік құралдарын басқару құқығынан 9 айға айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындады

16/03/2016

Ақмола облысы Жарқайын аудандық соты азамат Қ-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен азамат Қ. автокөлік құралын басқару кезіңде, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 13-бөлімінің 11-тармағын бұзып, көлікпен соқтығысуға жол бергені анықталды.

Азамат Қ-ның автокөлігі соқтығысу нәтижесінде екінші көлікке зақым келтірілді.

Сот шешімімен көрсетілген телефон қызметі үшін берешек өндіріліп алынды

16/03/2016

Степногор қалалық соты  «Қазақтелеком» АҚ-ның жауапкер З-ға көрсетілген телефон қызметі үшін берешекті өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.        

Сот анықтағандай, жауапкер З. «Қазақтелеком» АҚ-ның көрсетілген телефон қызметін төлемеген және қарыз төлеуден жалтарған, сондықтан  10 326 теңге көлемінде берешек болды.

 Сот шешімімен жауапкер З-дан 10 326 теңге берешек сомасы көрсетілген телефон қызметі үшін «Қазақтелеком» АҚ-ның пайдасына өндіріп алынды.