Архив событий

09/03/2016

Сот қылмыстық істі келісімдік іс жүргізуде қарады

09/03/2016

Ақмола облысы Есіл аудандық соты азаматша Н-ға қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша Н. өзінің жұбайы мен ұрысып,  пышақпен оған соққы жасады. Осы әрекетімен азаматша Н. өзінің жұбайының денсаулығына ауыр және өміріне қауіпті зиян келтірілген.

Прокурор мен сотталушы арасында, сотқа дейінгі істі қарау кезеңінде кінәсін мойындау туралы процесстік келісім жасалынды. Прокурор процесстік келісім жасаған кезде сотталушының шартты түрде жазалауына келісім берді.

Сот шешімімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша кепілдік міндеттерін мәжбүрлі түрде орындау туралы талап арыз қанағаттандырыды

09/03/2016

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің  шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «It проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен кепілдік міндеттерін мәжбүрлі түрде орындау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта, мердігер жұмысын мерзімінде орындаған, бірақ кепілдік мерзімі кезінде аққаулар пайда болғаны  анықталған.

Қорғалжын аудандық соты Ашық есік күнін өткізді

09/03/2016

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық соты Ашық есік күнін өткізді.

Бұл күні аудандық сотына меншік құқығын растау сұрақтары  бойынша азаматтар келді. Барлық жүгінулері мен сұрақтары арызды құрастыру және қажетті құжаттарды ұсынумен байланысты болды. Аудандық сотының төрайымы келушілерге заңнаманы түсіндірді, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы  Заңы бойынша қысқаша және мазмұнды ақпарат айтты және сұрақтарына жауаптар берді.

Бұланды аудандық сотының ұжымы сот саласының ардагерлерін құттықтады

09/03/2016

Ақмола облысы Бұланды аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлері, аудандық сотта ұзақ жылдар бойы қызмет еткен сот саласының ардагерлері Черных Зоя Ивановна, Рулева Тамара Павловна, Майракова Валентина Алексеевнаны Халықаралық әйелдер күні  мерекесімен құттықтап, естелік сыйлықтар мен гүлдер сыйға тартты.

Сот төрағасы Р.Шақуанов өз құттықтауында әйел адамдардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өтті және қажырлы еңбектері үшін  алғысын  білдіріп, денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Сандықтау аудандық соты «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді

09/03/2016

Сандықтау аудандық сотының төрағасы А.Аймұхамедов «Сот актілерін орындалуы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына судьялар, кеңсе меңгерушісі және Сандықтау ауданының аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы қатысты.

Дөңгелек үстел барысында соттың шешімімен мемлекеттік пайдасына өндірілген мемлекеттік баж, айыппұлдар өндіру бойынша сот актілерінің уақытылы орындалмау себептері талқыланды.

Отбасы-тұрмыстық қатынас барысында құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін 3 тәулікке қамаққа алу жазасы тағайындалды

09/03/2016

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат Х-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат Х. тұрғынжайда өзінің жұбайына былапыт сөйлеп, ұрыс- жанжал шығарып, отбасының тыныштығын бұзғаны анықталды.

Алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарды

09/03/2016

Ақмола облысы Астрахан аудандық соты азамат Қ-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Қ. Астрахан аулында  алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталынды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат Қ. жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Сот отырысында соталушы  кінәсін толық мойындады.