Архив событий

31/03/2016

Сотта жекеше айыптаушы айыптаудан бас тартқанына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды

31/03/2016

Ақмола облысының Есіл аудандық соты азамат М-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, жекеше шағымда көрсетілгендей, сотталушы азаматша Е-нің үйінің маңына келіп, оның абыройы мен қадір-қасиетін кемсіткені анықталды.

Сот отырысында, жекеше айыптаушыдан жәбірленушімен татуласқанына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы жазбаша түрде өтініш хат түсті.

Сот әйелге балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

31/03/2016

Ақмола облысының Есіл аудандық соты азаматша С-ға қатысты әкімшілік іс қарады.     

Сотта, азаматша С. өзінің кәмелетке толмаған екі балаларына қатысты ата-ананың тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамай, алкогольдік ішімдікті теріс пайдаланғаны, балаларды қараусыз қалдыратыны, жұмыс істемейтіні және онымен жүргізілген профилактикалық әңгімелерге назар аудармайтыны анықталды.

Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтату негіздері

31/03/2016

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша:  жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға не шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды кері қайтарып алған не тұруға ықтиярхаттың қолданылу мерзімі өткен кезде; жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын жазаға сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде; жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот жұмыскерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс б

Пара беру жазаланады!

31/03/2016

Қазақстан Рспубликасы Қылмыстық кодексінің 367-бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 20 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығына

Ақмола облысының судьялары мен сот жүйесінің ардагерлері судья әдебі кодексінің жобасын талқылады

31/03/2016

Ақмола облыстық сотында судьялар мен сот жүйесінің ардагерлері дөңгелек үстел басында кездесіп, судьялардың әдеп кодексі қағидалары және судья тәртібі ережелерінің жобасын талқылады.

Сот жүргізушіге көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жаза тағайындады

31/03/2016

Ақмола облысы Зернді аудандық соты азамат Н-ға  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат Н. алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, осы іс-әрекетімен жол қозғалысына қауіп төндіргені анықталған.