Архив событий

14/03/2016

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылық

14/03/2016

Астрахан аудандық соты азамат И-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат И. жүргізушіге көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруға тыйым салу туралы Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарды.

Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

14/03/2016

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты азамат Т-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотпен, азамат Т. бидайды ұсататын құралды ұрлап, жәбірленуші М-ға 20 000 теңге сомасына материалдық зиян келтіргенін анықталды.

Сот отырысы барысында жәбірленуші М. және сотталушының арасында татуласу және келтiрiлген зиянды қалпына келтіру туралы медиация келісімі жасағандықтан, жәбірленуші М-дан қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш түсті.

Сот Әзірбайжан азаматына Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады

14/03/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты Әзірбайжан азаматына қатысты әкімшілік іс қарады. 

Сотта, Әзірбайжан Ресубликасының азаматы Қазақстан Республикасының аумағына 01.11.2015 жылы кірген, тіркеу мерзімі 30.12.2015 жылына дейін, белгіленген тәртіппен келу мерзімін ұзартпай Қазақстан Республикасының шегінен шықпағаны анықталды, үш тәулік мерзім өткеннен кейін асатын кезең ішінде кетуден жалтарған.  Осыған байланысты, ол көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидаларын бұзған.   

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ашық есік күнін өткізеді

14/03/2016

Сот төрелігінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылдың 17 наурызында Ашық есік күнін өткізеді.

Өткізу орны: Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 46 «а» үй, байланыс телефоны: 8 (7162) 55-96-43.

 

 

Қорғалжын аудандық соты Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді

14/03/2016

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотының судьялары мен мамандары Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Сот төрайымы Х.Кембаева жаңа кодекстің негізгі жаңашылдықтары жөнінде баяндама оқыды. Сот бұйрығын шығару барысында талаптар өзгертіліп, толықтырулар енгізілгені жөнінде атап өтілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар сотқа талап арыздарды, сот бұйрықтарын, ерекше іс жүргізу тәртібіндегі арыздарды беру мәселелерін талқылады.

Бұланды аудандық соты Ашық есік күнін өткізеді

14/03/2016

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында Ақмола облысы Бұланды аудандық соты 2016 жылдың 16 наурызында сағат 10.00-ден 12.30-ға дейін Ашық есік күнін өткізеді.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін Бұланды аудандық сотының төрағасы мен кеңсе меңгерушісі қабылдайтын болады.