Ақмола облыстық соты

2016 жыл ішіндегі Егіндікөл аудандық сотының жұмыс қорытындысы

06/01/2017

2016 жыл ішінде Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты 20 қылмыстық, 143 азаматтық, 159 әкімшілік іс қарады. 9 қылмыстық іс  тараптардың татуласуына байланысты  тоқтатылды. Сот бұйрығын шығарумен 18  азаматтық іс қаралды, 1  азаматтық іс татауласу келісімін бекітуіне байланысты тоқтатылды, 5 азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды.
Әкімшілік істер бойынша әкімшілік өндіріп алуды тағайындаумен 159 қаулы шығарылды: оның ішінде: 7 ескерту, 48 әкімшілік айыппұл, 71 әкімшілік қамаққа алу және 33 азамат көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Сот партисипативтік келісімді бекітті

13/12/2016

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты азаматша Б-ның қызы колледждегі оқуы аяқталғанша дейін қосымша шығынды әкесінен өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта, азаматша Т-мен бұрынғы жұбайы келесі шарттар бойынша партисипативтік келісім ұсынды: жауапкер талапкерге ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш түрінде қызының колледждегі оқуының аяқталуына дейін қосымша шығынды төлеуге міндеттенді.  Адвокат, талапкер және жауапкер партисипативтік келісімнің шарттарымен келісті.

Сот медиацияны қолданумен қылмыстық іс қарады

13/12/2016

Аршалы  аудандық соты ұрлық жасағаны үшін азамат Ж-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Ж. азамат Б-ның үйінде бола тұра,  аккумулятор батареясын ұрлап, жәбірленушіге 9700 теңге сомасында материалдық шығын келтірген.

Сотта, жәбірленуші мен сотталушыдан медиация тәртібі арқылы татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат түсті.

Сот "Қазақтелеком" АҚ-ы және азамат арасында медиативтік келісім бекітті

08/12/2016

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық соты «Қазақтелеком» АҚ-ның азамат  А-дан телекоммуникация қызметі үшін берешекті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта, талапкер мен жауапкерден келесі шарттар негізінде дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім ұсынылды: жауапкер «Қазақтелеком» АҚ-на қарызды толық өтеуге дейін ай сайын 20-шы күні 3000 теңгеден төлеуге міндеттенді, ал талапкер аталған шартпен келісті.

Сот ер адамды билік өкіліне бағынбағаны және күш қолданғаны үшін кінәлі деп таныды

08/12/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты билік өкіліне бағынбағаны және билік өкіліне күш қолданғаны үшін айыпталған азамат Л-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Л. алкогольдік масаң күйде бола тұра, инспектор полициясына былапыт сөз сөйлеген. Құқыққа қарсы  іс-әрекетін қарау үшін полиция инспекторы әкімдікке өту жөніндегі талабына азамат Л. бағынбай полиция инспекторының погонын жұлып, оған соққы жасаған.

Ақмола облыстық соты, Мемлекеттік кірістер департаменті және Кәсіпкерлер палатасы оңалту, банкроттық және төлем қабiлетсiздiгi сұрақтарын талқылады

11/11/2016

Ақмола облыстық соты «Оңалту және банкроттықтың жаңа механизмін іске асыру кезінде туындайтын сұрақтар, сонымен қатар, төлем қабілетсіздігін реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына облыстық сот пен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, оның орынбасары, департамент басқармалары мен бөлім басшылары, сонымен қатар, прокуратура мен Аймақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Сот денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

07/10/2016

Ерейментау аудандық соты бұрын сотталған азамат Ж-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ер адам спирттік ішімдікті  ішіп, кикілжің салдарынан өзінің танысын ұрған, яғни басына оқтаумен, содан соң аяқпен денесіне соққылар жасаған. Нәтижесінде алған дене жарақаттарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Азамат Ж. үшінші танысының көмегімен мәйітті малдарға арналған базаның ішіне апарып, шөппен жауып жасырған.

Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ашық есік күнін өткізеді

05/10/2016

2016 жылдың 12 қазанында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ашық есік күнін өткізеді.

Ашық есік күні сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етуге, азаматтардың тұрғындарға сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында өткізіледі. Заңды тұлғалардың өкілдері мен азаматтарды сот төрағасы және кеңсе меңгерушісі қабылдайды.

Өткізу орны: Көкшетау қаласы, Потанина көшесі, 46 «А» үй, байланыс телефоны: 8(7162) 55-96-43.

«Сот кабинетін» жаңғырту жұмысы туралы

01/09/2016

Сот кабинеті – бұл сот органдарына онлайн сервис арқылы қол жеткізуге арналған мүмкіндік. Аталған сервистің маңызды ерекшелігі сот процесінің қатысушысы кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимде «Сот кабинеті» интернет-сервисі (www.sud.kz) арқылы электронды түрде талап арыздарды (арыздарды) беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ сотта істің қаралу барысын бақылай алады.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

15/07/2016

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Т. сауда үйінің жанында қоғамдық орында бола тұра, темекінің тұқылын тастаған. Осы әрекетімен азамат Т. ұсақ бұзақылық жасап, ортақ пайдалану орнын ластаған, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген.

Беттер