Ақмола облыстық соты

Сотта әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты әкәмшілік іс бойынша өндіріс тоқтатылды

18/03/2017

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің 28-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк жауаптылыққа әкімшілік құқық бұзушылық аяқталған немесе оның жолын кескен кезде он алты жасқа толған, ақыл-есi дұрыс жеке тұлға жатады.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті

18/03/2017

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында атқарушылық құжаттарды орындауға электронды түрде жолдау сұрақтарын талқылау бойынша үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шараға "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының бас маманы Маржан Калижанова,  "Бұлак" Қоғамдық қорының басшысы Алина Малахова, судьялар, кеңсе меңгерушісі, кеңсе қызметкерлері және сот отырысының хатшылары қатысты.

Бұланды аудандық сотында Пилоттық жобаны түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өтті

18/03/2017

Бұланды аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу жөнінде Пилоттық жобаны түсіндіру, татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейту сұрақтарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына аудандық прокуратура, аймақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, адвокаттар, кәсіби медиатор, судьялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Екі ер азамат тонау және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін сотталды

17/03/2017

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты Степногорск қаласының екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, екі ер азамат алкогольдік масаң күйде азамат Н-ның басынан соққы жасап, тонаған, яғни азамат Н-ның чемоданындағы жұмысқа арналған құралдарын және ұялы телефонын ұрлаған.

Ақмола облыстық сотының интернет-ресурсында «Құқықтық негіз» бөлімінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік, заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықты

16/03/2017

2017 жылдың 27 ақпанында Мемлекет Басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік, заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заңның негізгі новеллаларының бірі жарамсыз мәмілелелерді дауланатын және мәніссіз мәмілелерге  бөлу.

Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдану сұрақтары бойынша «дөңгелек үстел» өткізді

09/03/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық  сотында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ерекшеліктері»  тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысында Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, прокуратура, білім басқармасы, Астана және Ақмола облысының қоғамдық бірлестіктері, білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіби одағы, сонымен қатар, Ақмола облысының әділет департаменті мен Ақмола облысының ішкі істер департаментінің өкілдері  қатысты.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

02/03/2017

Сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімдігін, халықтың сот жүйесіне сенімін арттыру мақсатында Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы М.Байгелов сотта қаралатын азаматтық даулар бойынша қатысушылар болып табылатын кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу жүргізді.

Сотқа келушілер сот жұмысымен танысып, сот отырысы залдарымен танысып шықты.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2017 жылдың 2 айында 30 шетел азаматы халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

24/02/2017

2017 жылдың 2 айында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 30 шетел азаматына қатысты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік істер қаралды. Құқық бұзушыларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 517-бабы («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құрастырылды.

Көкшетау қалалық сотымен пара алғаны үшін мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары сотталды

15/02/2017

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты  ауыр дәрежедегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп айыптау бойынша Көкшетау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары азамат Р-дан 300 000 теңге сомасында заңсыз іс әрекет жасағаны үшін пара алған, атап айтқанда, әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін және ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюын болдырмауы үшін.

Есіл аудандық сотымен 9 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

08/02/2017

2017 жылдың басынан Ақмола облысы Есіл аудандық соты сот шешiмiн және атқарушылық құжатты орындаудан бас тартқан азаматтарға қатысты 9 әкімшілік іс қарады. Аталған азаматтарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабы бойынша «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құрастылырған.

Беттер