Ақмола облыстық соты

Жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

25/05/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп  танылды.

Сот анықтағандай, жеке кәсіпкер «Б» мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсының қортындысы негізінде жеңімпаз атанып, Көкшетау қаласының білім бөлімімен 32 дана ұялы телефонын жеткізу бойынша келісім-шарт жасаған. Алайда, жеке кәсіпкер келісім-шартта көзделген міндеттерді белгіленген мерзімде орындамады.

Сот ЖШС-нің оңалту рәсімін қолдану туралы талап-арызын қанағаттандырды

24/05/2017

Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қап-Құрылыс» ЖШС-нің  оңалту рәсімін қолдану туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен, ЖШС-гі құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысатыны, оның  салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегі бар екендігі анықталды. Сонымен қатар, ЖШС-гі төлемге қабілетсіздігін және оның төлем қабілетілігін қалпына келтіруге мүмкіндігі бар екендігі анықталды. Борышкер өзінің төлеу қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі бойынша дәлелдемелерін ұсынды.

Сот құқық бұзушыға кәмелетке толмағандарды алкогольдік масаң күйге дейiн жеткiзгені үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

19/05/2017

Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағандарды алкогольдік масаң күйге жеткізгені үшін азамат О-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат О.  кәмелетке толмаған Т. және П-ға алкогольдік ішімдікті ішуге ұсынған. Нәтижесінде, оларды алкогольдік масаң күйге дейiн жеткiзді.

Тұрғын үйден шығару туралы азаматтық іс сот медиация тәртібімен қаралды

19/05/2017

Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотында азамат Б-ны тұрғын үйден шығару туралы азаматша И-дің талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотқа талапкер мен жауапкерден дауды сот медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхаттар түсті.

Целиноград аудандық сотында өз бетімен салған құрылыс мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

19/05/2017

Ақмола облысы Целиноград аудандық сотында судьялар, прокуратура, әкімдік, сәулет және қала құрылыс бөлімі, жер қатынастары және Целиноград ауданының төтенше жағдайлар бөлімі өкілдерінің қатысуымен өз бетімен салған құрылыс мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелді» өткізудің  мақсаты, өз бетімен салған құрылыс мәселелерін шешу кезінде жергілікті атқарушы органдарына, селолық округі әкімдері мен мемлекеттік органдарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.  

Қорғалжын аудандық сотында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік мекемелерде» тақырыбын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

19/05/2017

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотында судьялар, кеңсе қызметкерлері және Қорғалжын аудандық орталық ауруханасы мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік мекемелерде» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Ақмола облысы Бұланды аудандық сотында 2017 жылдың басынан ұсақ бұзақылық жасағандары үшін 29 құқық бұзушыға қатысты әкімшілік істер қаралды

18/05/2017

Ұсақ бұзақылық – қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың ең көп тараған түрлерінің бірі болып табылады.

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық сотында мектеп оқушылары үшін «Ашық есік күні» өтті

18/05/2017

Сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында Еңбекшілдер аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті.

Сот төрайымы Гүлмира Анарбекова мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен әңгіме өткізіп, оларға аудандық соттың қызметі туралы және судьялар мен соттың кеңсе қызметкерлері қандай міндеттер атқаратынын айтып өтті.

Егіндікөл аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 14 әкімшілік іс қаралды

16/05/2017

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 14 әкімшілік іс қаралды.

Сотта, тараптардың татуласуына байланысты 9 азамат әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылған, ал 5 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 73-бабы бойынша («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») әкімшілік құық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 2 құқық бұзушыға әкімшілік ескерту, ал 3 азаматқа әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Сот құқық бұзушыға қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыппұл тағайындады

16/05/2017

Ақмола облысы Есіл аудандық сотында қаруды заңсыз сақтағаны үшін  азамат В-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат В. ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы қаруды заңсыз сақтағаны анықталды.  Қаруды сақтауға және оның тиісті құжаттары азамат В-да болған жоқ.

Беттер