Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық сотында мектеп оқушылары үшін «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында Еңбекшілдер аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті.

Сот төрайымы Гүлмира Анарбекова мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен әңгіме өткізіп, оларға аудандық соттың қызметі туралы және судьялар мен соттың кеңсе қызметкерлері қандай міндеттер атқаратынын айтып өтті.

Оқушылар судья, адвокат, заңгер, прокурор болу үшін қандай талаптар қойылатыны туралы сұрақтар қойды. Сот төрайымы өзінің еңбегі мен қызмет жолын, судья және аудан төрайымы қызметіне қалай тағайындалғаны туралы айтып берді.

«Ашық есік күнінде» оқушыларға сот отырысы залдары және электрондық технологияны қолданумен кеңсе жұмысы таныстырылды.

«Ашық есік күніне» қатысушылар ұйымдастырылған кездесу, одан алған әсерлері және қызықты экскурсия үшін алғыстарын білдірді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі