Архив событий

10/05/2017

Бұланды аудандық сотында сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

10/05/2017

Ақмола облысы Бұланды аудандық сотында сот актілерінің орындалуы мәселелерін талқылау  бойынша судьялар, прокуратура және АІІБ өкілдері, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысуымен  «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрағасы Ринат Шақуанов   «дөңгелек үстелде» сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының  Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болатыны туралы айтты.

Сот үкімін орындамағаны үшін бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды

10/05/2017

Ақмола облысы Есіл аудандық сотында азамат А-ға қатысты   сот актісін орындамағаны үшін қылмыстық іс  қаралды.

Сот анықтағандай, азамат А. өзіне қатысты сот шешімі бар екенің біле тұра, оның орындалуынан бас тартқан.    

Сот дәмхана әкімшісіне кәмелетке толмағанды түнгi уақытта ойын-сауық мекемесіне кіруіне рұқсат бергені үшін айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады

10/05/2017

Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында ойын-сауық мекемесiнде кәмелетке толмағанды түнгi сағат 22.00-ден таңғы сағат 06.00-ге дейін заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бергені үшін азаматша А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сот қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

10/05/2017

Сот қаулысымен «СП СКЗ Казатомпром» ЖШС-і Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 149-бабының 1-бөлігімен (Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде толық қолдану – біздің міндетіміз» тақырыбымен «дөңгелек үстел» өтті

10/05/2017

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  судьялар, кеңсе мамандары және қалалық прокуратура өкілдерінің қатысуымен  «Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде толық қолдану – біздің міндетіміз» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрағасы Нұрсұлтан Рахымберлин өз сөзінде, мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы екенін атап өтті.

Қорғалжын аудандық сотында Мемлекеттік рәміздерді қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

10/05/2017

Қорғалжын аудандық сотында судьялар, сот қызметкерлері,  аудандық ішкі саясат бөлімі өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану мәселелері  бойынша  «дөңгелек үстел» өтті.  

Зеренді аудандық сотында медиацияны қолдану мәселелері талқыланды

10/05/2017

Ақмола облысы Зеренді аудандық сотында медиацияны қолдану мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына судьялар, кәсіби медиаторлар, прокуратура, АІІБ өкілдері және адокаттар, сондай-ақ  халықтар достығы орталығының өкілдері қатысты.

Сот төрағасы Қайрат Шаймергенов және кәсіби медиатор Асқар Әміржанов соттарда медиацияны қолдану нормаларын және медиатордың қатысуымен істерді қарау тәжірибесін түсіндірді.

Сот ЖШС-нің пайдасына берешек төлемін өндіріп алды

10/05/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Көкшетау Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыннан берешекті өндіріп алу туралы «Компания ИнтерТехно» ЖШС-нің талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.  

Сот анықтағандай, ЖШС-і мен «Көкшетау Жылу» арасында мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалған. Алайда, «Көкшетау Жылу» тауарды алғаннан кейін, төлем бойынша міндеттерін орындамады.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты

10/05/2017

Ақмола облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы  Бақытжан Жарылғасов мемлекеттік емес ұйымдары  және мемлекеттік органдарда құқықбұзушылық жасаған балалармен жұмыс істейтін өкілдерінің әлуетін көтеру консультациялық бағдарлама бойынша «дөңгелек үстелге» қатысты.

Әлеуеттi өнім беруші мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

10/05/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп  танылды.

Сот анықтағандай, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен жеке кәсіпкер арасында мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалған. Алайда, жеке кәсіпкер келісім-шартта көзделген міндеттерді белгіленген мерзімде орындамаған.