Ақмола облыстық соты

Пікір білдіріңіздер!

07/04/2017

Жариялылықты қамтамасыз ету және кандидаттардың іскерлік, кәсіби, моральдық тұлғалық қасиеттерін терең зерттеп білу мақсатында, судьялыққа тағлымдамадан өту үшін бос орындарға жариялаған конкурсқа Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Республикалық мемлекеттік мекемесінің заң бөлімінің басшысы Нұрлыбек Болатұлы Жұмажановтың кандидатурасы облыс тұрғындары назарына ұсынылады.

Соттар әкімшісінің басшысы кеңсе меңгерушілерімен кеңес өткізді

07/04/2017

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сарымсақов облыс соттардың кеңсе меңгерушілерімен 2017 жылғы 1-тоқсанның жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Қ.Жоламанова, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен талдау және жоспарлау бөлімінің мамандары қатысты.  

Қылмыстық істер жөнінідегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер алқасын қалыптастыру сұрақтарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

06/04/2017

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында алқабилер алқасын қалыптастыру сұрақтарын талқылау бойынша сот кураторы - Ақмола облыстық сотының судьясы Қ.Сабдин, сот төрағасы Б.Баймырзин, судьялар және сот мамандарының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Ақмола облысы және Көкшетау қаласы әкімдігі, облыстық психиатриялық аурухана, облыстық наркологиялық оңалту орталығы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi Комитетi Басқармасының өкілдері шақырылды.

Көкшетау қалалық сотының шешімімен заңсыз жұмыстан шығарылған аула тазалаушы жұмысқа қайта алынды

06/04/2017

Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының шешімімен заңсыз жұмыстан шығарылған аула тазалаушы жұмысқа қайта алынды.

Сот анықтағандай, азамат Б. ЖШС-не аула тазалаушы болып қабылданған, алайда алты күн өткеннен кейін жұмыстан шығарылды. Үш күн жұмыс орнында болмау туралы актілер жұмыстан шығаруға себеп болған.

Ақмола облысының Бұланды аудандық сотында алкогольдік және есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарғаны үшін құқықбұзушыларға қатысты 13 әкімшілік іс қаралды

03/04/2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлігі 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 205 жүргізушіні жол- көлiк оқиғасына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп таныды

03/04/2017

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылықтарды жасағаны үшін 205 жүргiзушіге қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот берешекті өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша татуласу келісімді бекітті

31/03/2017

Ақмола облысы Есіл аудандық сотында жеке кәсіпкердің азамат Е-ден
берешекті өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот анықтағандай, жеке кәсіпкер азамат Е-мен құрылыс ағаштарын жалға беру туралы шарт жасаған және одан алдын-ала 40 000 теңге қаражатын алған. Қалған берешекті азамат Е. өтемеді.

Сот Ресей Федерациясының азаматшасына Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза тағайындады

30/03/2017

Ақмола облысы Ерейментау аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Ресей Федерациясының азаматшасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азаматша С. Қазақстан Республикасы аумағына келіп, көші-қон қызметінде келу себебін жеке сапар мақсатымен деп  көрсетіп, жұмысқа орналасуға рұқсат алмай, пәтерлерді жөндеумен айналысқан. Осы әрекетімен, азаматша С. шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу қағидаларын бұзған.

Сот ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындады

18/03/2017

Зеренді аудандық сотында азаматша В-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, жетпіс жастағы азаматша В. қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тыйым салынған заттарды өткізуге тйым салу туралы хабарланған бола тұра, кездесу бөлмесіне ақшаны өткізбек болған. 

Беттер