Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 205 жүргізушіні жол- көлiк оқиғасына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылықтарды жасағаны үшін 205 жүргiзушіге қатысты әкімшілік істер қаралды.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулыларымен 205 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 610-бабы бойынша («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы») әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, оларға айыппұл түрінде әкімшілік жазалар тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі