Ақмола облыстық соты

Сот ерлі-зайыптылардың татуласуы туралы медиативтік келісімді бекітті

24/01/2017

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты некені бұзу туралы азаматтық істі медиативтік келісім жасаумен қарады.

Сотта, ерлі-зайыптылар келесі шарттар негізінде медиативтік келісімді жасады: азамат Д. зайыбымен бейбітшілік пен келісімде бірге тұруына және зайбымен даулы жағдай туындаған кезде, оны бейбіт жолмен шешуге міндеттенеді. Зайыбы азамат Д-мен татуласып, талап арыздан бас тартады.

Сот ұйғарымымен ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты жанжалды реттеу туралы медиативтік келісім бекітілді.

Сот қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

18/01/2017

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін  азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен, азамат С. қоғамдық орында бола тұра, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, жерге темекі тұқылын тастағаны анықталды.  Осы әрекетімен, ер азамат ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық орынды ластаған. 

Есіл аудандық соты 2016 жылдың сот жұмысының қорытындысы бойынша брифинг өткізді

17/01/2017

Есіл аудандық сотының төрағасы Б.Нұрмағамбетов БАҚ өкілдері үшін 2016 жылдың сот жұмысының қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

2016 жылдың ішінде Есіл аудандық соты 675 азаматтық іс қарады, оның ішінде 165 азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізуде, 21 азаматтық іс медиацияны қолданумен қарады.

Сандықтау аудандық соты Ашық есік күнін өткізеді

17/01/2017

Ақмола облысы Сандықтау аудандық соты  2017 жылдың 19 қаңтарында сағат 10.00-де Ашық есік күнін өткізеді.

Ашық есік күні сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етуге, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында өткізіледі. Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша азаматтармен заңды тұлғалардың өкілдерін сот төрағасы қабылдайтын болады.

Зеренді аудандық соты 2016 жылдың жұмысын қорытындылады

17/01/2017

2016 жыл ішінде Зеренді аудандық соты 810 азаматтық іс қарады, оның ішінде 13 азаматтық іс татауласу келісімін бекітуімен және 7 іс медиацияны қолданумен қаралды.

Сотпен 106 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 28 іс медиацияны қолданумен қаралған.

Сот анасына сыйламаушылық білдіргені үшін 2 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады

17/01/2017

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық соты отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат үйінде алкогольдік масаң күйде бола тұра, өзінің анасына былапыт сөйлеген. Осы әрекетімен, ер азамат анасының тыныштығын бұзып, оған сыйламаушылық білдірген.

Сот Степногорск қаласының тұрғынына есірткі заттарын заңсыз сақтап, өткізгені үшін 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

13/01/2017

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Степногорск қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат салмағы 58,0 грамм марихуананы заңсыз сақтап, шартты сатып алушыға өткізген. Жеке тінту барысында және автокөлікті тінту кезінде ер азаматтан қағаз түйіншегінде оралған марихуана табылған. Ер азамат барлығы 1002,5 грамм марихуана есірткі затын өткізу мақсатымен заңсыз сақтаған.

Заңсыз бөтен тұрғын үйге кіріп, мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік

12/01/2017

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты азамат Б-ға қатысты ұрлық жасағаны үшін айыптау бойынша қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Б. азаматша Т-ға жалданып жұмыс істеп, үйдің ауласына кіріп, жез сымды ұрлаған және оны түсті металдар қабылдайтын пунктісіне тапсырған. Осы әрекетімен, азамат Б.   жәбірленушіге материалдық шығын келтірген.

Тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті

10/01/2017

Ақмола облысы Атбасар аудандық соты партисипативтік рәсім тәртібімен отбасын тұрғын үйден шығару туралы азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат А. сатып алу-сату негізінде пәтердің иесі болған, ал азаматша Б. сол пәтерде жалға алушы құқығы ретінде тұрған. Жалға алушы ретінде азаматша Б. уақытша пәтерді қолданып, иеленген. Алайда, қазіргі уақытқа дейін жалдау ақысын төлемей, азамат А-ның баспанасын өз еркімен босатудан бас тартқан.

Сот алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде тағайындады

06/01/2017

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты азамат С-мен алдын ала сөз байласып, алаяқтық жасағаны үшін айыптау бойынша жеке сот орындаушысына қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, жеке сот орындаушысы өз қызметтік бабын пайдалана отырып, азамат С-мен алдын ала сөз байласып, азамат Ф-ны алдау жолымен сауда-саттық жасау кезінде оның жеңімпаз болып танылуына жәрдемдесуіне және оң шешім алуына олар 3 500 000 теңге ақшалай қаражатты талап еткен.

Беттер