Ақмола облыстық соты

Сот ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Еңбекшілдер аудандық аумақтық инспекциясының инспекторына рұқсат берудің тәртiбiн және мерзiмiн бұзғаны үшін айыппұл тағайындады

06/05/2017

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық сотында ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң аудандық аумақтық инспекциясының бас маманына қатысты әкімшілк іс қаралды. Инспекциясының бас маманы  «Қазгер Құс» ЖШС-не Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңын бұзып, рұқсат қағазын берген.

Жақсы аудандық сотында көлік құралын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін 15 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды

06/05/2017

2017 жылдың 4 айында Ақмола облысы Жақсы аудандық сотында Қазақстан Республикасы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша 15 көлік жүргізушіге қатысты әкімшілік істер қаралды, олардың ішінде 14 жүргізуші алкогольдік масаң күйде  және 1 жүргізуші есірткілік масаң күйде болған.

Қорғалжын аудандық сотында азаматтарға және гимназия оқушылары үшін «Ашық есік күні» өтті

06/05/2017

Қорғалжын аудандық сотының төрағасы Халима Кембаева аудан тұрғындары үшін «Ашық есік күнін» өткізді.

«Ашық есік күні» аудандық сотына азаматтар мен  Қорғалжын мектеп-гимназиясының оқушылары келді. «Ашық есік күні» аудандық сотқа келген әрбір  азаматқа сот төрағасы мен кеңсе меңгерушінің міндетін атқарушы олардың сұрақтарына түсініктемелер берді.

Соттардың ашықтығы мен қолжетімділігін қаматамасыз ету мақсатында Қорғалжын аудандық соты азаматтар үшін ай сайын «Ашық есік күнін» өткізеді.

Сот Ресей Федерациясының азаматына Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза тағайындады

04/05/2017

Ақмола облысы Ақкөл аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Ресей Федерациясының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат И. Қазақстан Республикасы аумағына келіп, өзінің келуін тіркеген, алайда басқа мекен-жай бойынша тұрған. Осы әрекетімен азамат И. шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу қағидаларын бұзған.

Сот шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды

04/05/2017

Қазақстан Республикасының «Маскүнем, нашақор, уытқұмар науқастарды мәжбүрлеп емдеу туралы» Заңының 4-бабына сәйкес маскүнем, нашақор, уытқұмар науқастарды мәжбүрлеп емдеуге ресімдеу науқас туысқандарының, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, ішкі істер, прокуратура, қамқорлық пен қорғаншылық органдарының ынтасы бойынша медициналық қорытынды болған ғана жағдайда мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарымен жүзеге асырылады.

Сот ер азаматқа есірткі заттарын заңсыз сақтап, өткізгені үшін 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

28/04/2017

Ақмола облысы Степногорск қалалық сотында салмағы 4,9016 грамм марихуананы заңсыз сақтап, шартты сатып алушыға өткізген. азамат М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Жеке тінту барысында және үйді тінту кезінде аталған тұлғада қағаз түйіншегінде оралған марихуана табылған. Азамат М-ның барлығы 146, 4017 грамм марихуана есірткі затын өткізу мақсатымен заңсыз сақтағаны анықталған.

Сот билік өкілін қорлаған құқық бұзушыларға үкім шығарды

28/04/2017

Ақмола облысы Степногорск қалалық сотында билік өкiлiн қорлады деп айыптау бойынша азамат Г-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат Г. алкогольдік масаң күйде бола тұра, полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, полиция қызметкерлеріне былапыт сөйлеп, азаматтық тұлғалардың көзінше оларға тіл тигізген.

Сот көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін 175 азаматқа қатысты әкімшілік істер қарады

28/04/2017

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  2017 жылдың басынан көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарған азаматтарға қатысты 175 әкімшілік істер қаралды.

Сот анықтағандай, 175 азамат алкогольдік және есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарып, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзған.

Қорғалжын аудандық сотында татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша 3 азаматтық іс қаралды

11/04/2017

Медиация сотта «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексте белгіленген ерекшеліктерге сәйкес өткізіледі.

Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы.

Сот әкімшілік қадағалау мен бекітілген шектеулерді бұзғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындады

11/04/2017

Акмола облысы Жарқайың аудандық сотында бұрын соттылығы бар азамат Б-ға қатысты бекітілген шектеулерді бұзғаны үшін азаматтық іс қаралды.

Сот анықтағындай, сот қаулысымен азамат Б-ға қатысты әкімшілік қадағалау орнатылып, елді мекен шегінен шығуға  тыйым салу түрінде шектеулер қолданылды. Алайда, азамат Б. Жарқайың аудандық ішкі істер бөлімімен бекітілген шектеулерді бұзған, яғни басқа қалаға шығып, ішкі істер органдарында тіркелмеген.

Беттер