Сот шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының «Маскүнем, нашақор, уытқұмар науқастарды мәжбүрлеп емдеу туралы» Заңының 4-бабына сәйкес маскүнем, нашақор, уытқұмар науқастарды мәжбүрлеп емдеуге ресімдеу науқас туысқандарының, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, ішкі істер, прокуратура, қамқорлық пен қорғаншылық органдарының ынтасы бойынша медициналық қорытынды болған ғана жағдайда мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарымен жүзеге асырылады.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары соттың шешімі бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтарын жасаған тұлғаларға қатысты, маскүнемдік немесе нашақорлық немесе уытқұмарлықтан емделуде мұқтаж деп танылған, сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылық жасаған және созылмалы маскүнем немесе нашақор немесе уытқұмар науқас болып танылған және ерікті емделуден бас тартып отырған тұлғаларға қатысты қолданылады.

Сот шешімімен Сандықтау орталық аудандық ауруханасының өтініші бойынша мамандандырылған алдын алу мекемесіне азаматтарды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы 9 азаматтық іс қаралды.

Сот шешімімен Сандықтау орталық аудандық ауруханасының маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы 6 өтініш қанағаттандырылды. Азаматтар 6 айдан 1 жыл мерзімге дейін мамандандырылған емдік-профилактикалық мекемесіне алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі