Сот әкімшілік қадағалау мен бекітілген шектеулерді бұзғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Акмола облысы Жарқайың аудандық сотында бұрын соттылығы бар азамат Б-ға қатысты бекітілген шектеулерді бұзғаны үшін азаматтық іс қаралды.

Сот анықтағындай, сот қаулысымен азамат Б-ға қатысты әкімшілік қадағалау орнатылып, елді мекен шегінен шығуға  тыйым салу түрінде шектеулер қолданылды. Алайда, азамат Б. Жарқайың аудандық ішкі істер бөлімімен бекітілген шектеулерді бұзған, яғни басқа қалаға шығып, ішкі істер органдарында тіркелмеген.

Сот қаулысымен азамат Б. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 480-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып («Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын бұзу») ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі