Сот билік өкілін қорлаған құқық бұзушыларға үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Степногорск қалалық сотында билік өкiлiн қорлады деп айыптау бойынша азамат Г-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат Г. алкогольдік масаң күйде бола тұра, полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, полиция қызметкерлеріне былапыт сөйлеп, азаматтық тұлғалардың көзінше оларға тіл тигізген.

Сот үкімімен азамат Г. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабының 2-бөлігімен («Билік өкiлiн қорлау») қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі