Сот Ресей Федерациясының азаматына Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Ақкөл аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Ресей Федерациясының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат И. Қазақстан Республикасы аумағына келіп, өзінің келуін тіркеген, алайда басқа мекен-жай бойынша тұрған. Осы әрекетімен азамат И. шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу қағидаларын бұзған.

Сот қаулысымен азамат И.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 517-бабының 2-бөлігімен («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі