Ақмола облыстық соты

Сот құқық бұзушыға билік өкілін қорлағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

16/05/2017

Ақмола облысы Ақкөл қалалық сотында билік өкiлiн қорлады деп айыптау бойынша азаматша Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, азаматша Ш. алкогольдік масаң күйде полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, полиция қызметкерлеріне былапыт сөз сөйлеген.

Сот үкімімен азаматша Ш. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігімен («Билік өкiлiн қорлау») қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Сот көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушіге көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін 20 тәуілк мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

15/05/2017

Ақмола облысы Астрахан аудандық сотында көлік құралын басқару құқығы жоқ және алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен азамат К. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша («Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ұсақ бұзақылық жасаған азаматтарға қатысты 352 әкімшілік іс қаралды

15/05/2017

2017 жылдың басынан Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 352 азаматқа қатысты  әкімшілік істер қаралды, оның ішінде ортақ пайдалану орындарын ластау, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай әрекеттер.

Сот Өзбекстан Республикасының 36 азматына Қазақстан Республикасының көші-қон заннамасын бұзған үшін әкімшілік қамақа алу жазасын тағайындады

12/05/2017

Ақмола облысы Аршалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын бұзған үшін  Өзбекстан Республикасының  36 азаматына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот анықтағандай,  Өзбекстан Республикасының 36 азаматы Қазақстан Республикасы аумағына келіп, жұмысқа орналасуға рұқсат алмай, жұмыс атқарған. Осы әрекетімен, құқық бұзушылар шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу қағидаларын бұзған.

Сот көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушіге көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін 20 тәуілк мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

12/05/2017

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық сотында көлік құралын басқару құқығы жоқ және алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен азамат Г. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша («Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айсұлу Жұматова ата-аналар қоғамы алдында «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық және алдын алу шаралары» тақырыбында баяндама жасады

11/05/2017

Ақмола облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айсұлу Жұматова ата-аналар үшін «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық және алдын алу шаралары» тақырыбында қоғамдық тыңдауда сөз сөйледі.

Іс шара Көкшетау қаласының білім бөлімі, Көкшетау қаласының прокуратурасы, ІІБ-нің өкілдері, психолог, ОЦФ ЗОЖ дәрігерлерінің қатысуымен өткізілді.

11 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

11/05/2017

2017 жылдың басынан Ақмола облысы Жақсы аудандық сотында сот шешімдерін орындамағандары үшін ауданның 11 тұрғанына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 11 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабымен («Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау») әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, төрт құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл және жеті құқық бұзушыға қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Сот дәмхана әкімшісіне кәмелетке толмағанды түнгi уақытта ойын-сауық мекемесіне кіруіне рұқсат бергені үшін айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады

10/05/2017

Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында ойын-сауық мекемесiнде кәмелетке толмағанды түнгi сағат 22.00-ден таңғы сағат 06.00-ге дейін заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бергені үшін азаматша А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде толық қолдану – біздің міндетіміз» тақырыбымен «дөңгелек үстел» өтті

10/05/2017

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  судьялар, кеңсе мамандары және қалалық прокуратура өкілдерінің қатысуымен  «Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде толық қолдану – біздің міндетіміз» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрағасы Нұрсұлтан Рахымберлин өз сөзінде, мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы екенін атап өтті.

Беттер