Сот көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушіге көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін 20 тәуілк мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық сотында көлік құралын басқару құқығы жоқ және алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен азамат Г. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша («Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі