11 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың басынан Ақмола облысы Жақсы аудандық сотында сот шешімдерін орындамағандары үшін ауданның 11 тұрғанына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 11 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабымен («Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау») әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, төрт құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл және жеті құқық бұзушыға қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі