Сот Өзбекстан Республикасының 36 азматына Қазақстан Республикасының көші-қон заннамасын бұзған үшін әкімшілік қамақа алу жазасын тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Аршалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын бұзған үшін  Өзбекстан Республикасының  36 азаматына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот анықтағандай,  Өзбекстан Республикасының 36 азаматы Қазақстан Республикасы аумағына келіп, жұмысқа орналасуға рұқсат алмай, жұмыс атқарған. Осы әрекетімен, құқық бұзушылар шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу қағидаларын бұзған.

Сот қаулыларымен Өзбекстан Республикасының 36 азаматы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөілігімен («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») көрсетілген құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әр қайсысына 4 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі