Сот Ресей Федерациясының азаматшасына Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Ерейментау аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Ресей Федерациясының азаматшасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азаматша С. Қазақстан Республикасы аумағына келіп, көші-қон қызметінде келу себебін жеке сапар мақсатымен деп  көрсетіп, жұмысқа орналасуға рұқсат алмай, пәтерлерді жөндеумен айналысқан. Осы әрекетімен, азаматша С. шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу қағидаларын бұзған.

Сот қаулысымен азаматша С.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі