Архив событий

09/03/2017

Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдану сұрақтары бойынша «дөңгелек үстел» өткізді

09/03/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық  сотында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ерекшеліктері»  тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысында Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, прокуратура, білім басқармасы, Астана және Ақмола облысының қоғамдық бірлестіктері, білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіби одағы, сонымен қатар, Ақмола облысының әділет департаменті мен Ақмола облысының ішкі істер департаментінің өкілдері  қатысты.

Сот қарызды өңдіріп алу туралы азаматтық іс бойынша татуласу келісімін бекітті

09/03/2017

Ақмола облысы Есіл аудандық сотына азаматша М. азамат Қ-дан қарызды өңдіріп алу туралы талап арызымен жүгінген.

Сот, азамат Қ. 2012 жылы азаматша М-дан жазба арқылы қаражатты қарызға алғанын анықтады. Қарыз сомасы азаматша М-ға жартылай 2014 жылы төленген, кәзіргі уақытта азамат Қ. қаражат сомасын толық қайтармаған. Осыған байланысты, азаматша М. сотқа жүгінген.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар өтті

09/03/2017

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Судья әдебі кодексін сақтау, сот отырысы хаттамаларын құрастыру, хаттамаларды беру және таныстыру тәртібін талқылау сұрақтары бойынша семинар өтті.

Астрахан аудандық сотында "Медиация - дауларды шешудің тиімді жолы" тақырыбымен «дөңгелек үстел» өтті

09/03/2017

Астрахан аудандық сотында "Медиация - дауларды шешудің тиімді жолы" тақырыбымен «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» Шағын және орта бизнестің кәсіпкерлер қауымдастықтары,  «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының аудандық филиалы, БАҚ өкілдері және адвокаттар қатысты.

Еңбекшілдер аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

09/03/2017

Еңбекшілдер аудандық сотында құқықтық мәдениетін насихаттау, сот жүйесіне қолжетімділікті және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шараға ауданның әкімі, маслихат хатшысы және мемлекеттік органдарының басшылыры қатысты.

Аудандық соттың төрайымы Г.Анарбекова келушілерге аудандық сот қызметінің негізгі бағыттары туралы, ашықтық және соттың жариялау қағидаларын сақтау, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық өкілдерімен өзара іс-қимыл туралы айтып өтті.