Архив событий

02/03/2017

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасы Елбасының Жолдауын талқылау бойынша кеңес өткізді

02/03/2017

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Д.Сарымсақов Қазақстан Республикасы Елбасы Жолдауының негізгі басымдықтарын  талқылау бойынша құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, кеңсе меңгерушілері мен соттар мамандары үшін кеңес өткізді.

Кеңеске қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Ж.Бердіғұлова және Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Қ.Жоламанова қатысты.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құрылғанына 5 жыл

02/03/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов ювеналды соттың құрылғанына 5 жыл толуына орай жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-конференция өткізді.

Конференцияға кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары, сот қызметінің зейнеткерлері, ішкі істер органдарының, прокуратура, кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығының, білім басқармасының, қорғаншы және қамқоршы бөлімінің, БАҚ өкілдері қатысты.

Сот заңдық маңызы бар туыстық қатынастары фактісін анықтады

02/03/2017

Ақмола облысы Ақкөл аудандық сотына азаматша А. туыстық қатынастары фактісін анықтау туралы өтінішпен жүгінді.

Сот, азаматша А. өзінің туған әпкесі қайтыс болғаннан кейін, заң бойынша мұраға құқығы туралы куәлікті беруге нотариусқа жүгінгенін анықтады. Алайда, туыстық қатынастары фактісін растайтын құжаттары болмағандықтан, нотариус азаматша А-ға осы куәлікті беруден бас тартты. Осыған байланысты, азаматша А. сотқа жүгінді.

Егіндікөл аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын қолданумен 8 материал қаралды

02/03/2017

Ақмола облысы Егіндікөл ауднадық сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын қолданумен Егіндікөл ауданының пробация қызметінен түскен 8 материалды қаралды. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес 6 сотталушы жазадан босатылды, 2 сотталған адамға жазаның өтелмеген бөлiгi жаза мерзімін қысқарту түріне ауыстырылды. Пробация қызметінің 8 ұсыныстары  қанағаттандырылды.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

02/03/2017

Сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімдігін, халықтың сот жүйесіне сенімін арттыру мақсатында Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы М.Байгелов сотта қаралатын азаматтық даулар бойынша қатысушылар болып табылатын кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу жүргізді.

Сотқа келушілер сот жұмысымен танысып, сот отырысы залдарымен танысып шықты.

Бурабай аудандық сотында дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді еңгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру жөнінде «дөңгелек үстел» өтті

02/03/2017

Бурабай аудандық сотында «Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді еңгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.
«Дөңгелек үстелге» судьялар, сот мамандары, кәсіби медиатор, Бурабай ауданы заң кеңесінің адвокаттары, «Заң көмегін көрсетудің құқықтық орталығы» ҚБ-нің төрағасы қатысты.
«Дөңгелек үстелде» сот төрағасы А.Балабеков дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді еңгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы Ережені түсіндірді.