Архив событий

14/03/2017

Ақмола облыстық соты ведомствоаралық семинар өткізді

14/03/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов «Сот және құқық қорғау органдарының өзара әрекеттесуі - сот төрелігін сапалы атқаруды қамтамасыз етудің құралы» тақырыбында құқық қорғау органдарының басшыларымен ведомствоаралық семинар өткізді.

Сот некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша медиативтік келісім бекітті

14/03/2017

Ақмола облысы Атбасар аудандық сотына азаматша П. азамат Д-ға некені бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Сотта, тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен медиативтік келісімді келесі шарттар бойынша жасады: азамат Д-ға қатысты азаматша П. талап арызынан бас тартып, ерлі-зайыптылар татуласып отбасын сақтауға шешті, бір-біріне талабы жоқ екенін көрсетті.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, некені бұзу туралы азаматтық іс өндіріспен қысқартылды.

Есіл аудандық сотында ҮЕҰ-дың өкілдерімен және медиаторлармен «дөңгелек үстел» өтті

14/03/2017

Ақмола облысының Есіл аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру сұрақтарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға судья және сот қызметкерлері, сонымен қатар, «Есіл аудандық кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ-нің өкілі мен кәсіби медиатор Г.Аманжолова қатысты.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

14/03/2017

Ақмола облысы Астрахан аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен, азамат С. қоғамдық орында бола тұра, азамат Л-мен ұрыс –керіс барысында былапыт сөйлегені анықталды. Осы әрекетімен азамат С-тың қасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғаның тыныштығын бұзған.

Жақсы аудандық сотында «Медиация туралы» ҚР Заңының нормаларын және жаңа пилоттық жобаны түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өтті

14/03/2017

Жақсы  аудандық сотында «Медиация туралы» ҚР Заңының нормаларын және даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу пилоттық жобаны түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға «Қазақтелеком» АҚ-ы, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, Жақсы орталық аудандық ауруханасы, «Жақсы Су Арнасы» ШЖҚ МКК-нің  өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.