Ақмола облысының Бұланды аудандық сотында алкогольдік және есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарғаны үшін құқықбұзушыларға қатысты 13 әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлігі 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.

Көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексімен әкімшілік жауаптылық қарастырылған.

2017 жылдың 1-тоқсанында Бұланды аудандық сотының қаулыларымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 608-бабы бойынша «(Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруы)» 13 құқықбұзушыға әкімшілік жазалар тағайындаған, оның ішінде 11 жүргізуші алкогольдік масаң күйде, ал 2  жүргізуші есірткілік масаң күйде болған.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі