Егіндікөл аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 14 әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 14 әкімшілік іс қаралды.

Сотта, тараптардың татуласуына байланысты 9 азамат әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылған, ал 5 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 73-бабы бойынша («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») әкімшілік құық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 2 құқық бұзушыға әкімшілік ескерту, ал 3 азаматқа әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73- бабына сәйкес, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер болып табылады.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі