Бұланды аудандық сотында Пилоттық жобаны түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Бұланды аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу жөнінде Пилоттық жобаны түсіндіру, татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейту сұрақтарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына аудандық прокуратура, аймақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, адвокаттар, кәсіби медиатор, судьялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Бұланды аудандық сотының төрағасы Р.Шакуанов Республика судьяларының VI съезінде мемлекет басшысы Н.Назарбаев сот тәртібінде қаралатын даулар санын азайтудың, дауларды шешудің баламалы әдістерін енгізу маңыздылыгы туралы айтқанын атап өтті. Қазақстан Республикасы Азаматтык процестік кодексінің «Татуластыру рәсімдері» тарауында тараптарды татуластыру мәселелеріне аса назар аударылған, татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін жасау сияқты тараптардың татуласу әдістері нақты реттелген.

Сондай-ақ, республика соттарында 2017 жылғы ақпан-шілде айлары аралығында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылуы туралы айтылды.

Өз баяндамаларын кәсіби медиатор Н.Абжанов және судья Л.Цибульская жасады.

«Дөңгелек үстел» жұмысын қорытындылай келе, қатысушылар пікір алмасып, татуластыру рәсімдерін дамыту сұрақтарын талқылады.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар