Ақмола облыстық сотының төрағасы Д.Әмірдің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арнайы құттықтауы
Құрметті азаматтар, сайтқа келуші оқырмандар!
Сіздерді Мемлекеттік мерекеміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасы – татулығымыздың, береке-бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі.
Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.